Хромтау шахтасындағы жарылыс: Тірі қалған жалғыз жұмысшы оқиғаның қалай болғанын айтты

Хромтау шахтасындағы жарылыс: Тірі қалған жалғыз жұмысшы оқиғаның қалай болғанын айтты

Ақтөбе облысындағы мыс шахтасында болған жарылыс нәтижесінде төрт жұмысшы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайын жарылыс кезінде шахтада болғандардың бірі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" газетіне сілтеме жасап. 

Оқиға 30 желтоқсан кешкі уақытта болған. Көз жұмғандардың денесі таңғы 5:30-да ғана шығарылып, шахта желдетілді. 

 
Кәсіпорын жұмысшыларының айтуынша, зардап шеккендер күкіртсутектен улануы мүмкін. 

Тірі қалған жалғыз жұмысшы Қанат Абдуллаев оқиғаның қалай болғанын айтып берді. 

"Әдетте жарылыстан кейін жарылыс толқыны болады. Оның айтарлықтай зияны жоқ. Біз әдетте жарылыс жасап, көлікке отырып, жоғарыға көтеріліп жүретінбіз. Жарылғыш заттарды көліктің адамдарға арналған кабинасында алып жүреміз. Осы жолы жарылыстан кейін әппақ тұман пайда болды. Ешнәрсе көрінбеді. Біз көлікке отырып, алдыға қарай жүре бастадық. Тұншыға бастадық. Артынша көлікті тоқтатып, барлығы жоғарыға жүгіре бастады. Мен "Тоқтаңдар, артқа қайтыңдар" деп айқайладым да, газ жұтып үлгердім", - дейді ол. 

Осылайша жалғыз өзі жоғарыға көтерілмей қалып қалған ол әріптестерін қалай тауып алғанын айтты. 

"20-40 минуттан кейін тұман сейіле бастады. Шлангасыз демалу мүмкін болған кезде, балаларды іздей бастадым. Олар меннен 50-60 метр жерде құлап жатты. Біреуінің ауа жұтатын құтқарушы құрылғысы түсіп қалыпты, екеуінде құрылғы болған. Олар уланып қалған. Негізі арнайы құрылғы  2 сағат 40 минутқа жетеді. Ең бастысы қолданып үлгеру қажет. Ал тұманның қайдан шыққанын, қандай ақау болғанын білмеймін. Бұл қызметте істегеніме 32 жыл болды", - дейді жұмысшы. 

Еңбек инспекциясы бөлімінің хабарлауынша, AMK қызметкерлерінің өлімінің алдын-ала себебі белгісіз газбен улану. Шахтадағы барлық жұмыс тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156, 4-бөлімі "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша іс басталды. Тергеу жүріп жатыр, кәсіпорында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон министрлігі комитетінің комиссиясы да жұмыс істейді. Жұмысшылардың ұсынысы бойынша оның құрамына еңбек ұжымының өкілі енгізілді.

Марқұмдардың отбасыларына жерлеуге 2 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, әр отбасыға 20 миллион теңге бір реттік көмек берілді. 

Тірі қалған жұмысшының денсаулығын оңалту үшін 5 миллион теңге бөлу мәселесі қарастырылуда. 

Еске салайық, 30 желтоқсанда Хромтауда шахтада болған жарылыста төрт адам қаза болғаны айтылған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста