Хрущевтің құнарлы жүгерісі тауықтардың «түсіне кіріп» жүр

Хрущевтің құнарлы жүгерісі тауықтардың «түсіне кіріп» жүр

Жүгері шаруашылығы Н.Хрущевтің есімімен тығыз байланысты. Н.Хрущевтің 1958 жылы АҚШ-қа жасаған сапарынан кейін елімізде ең алғаш жүгері егіле бастағаны белгілі. Әу баста ұраншылдықпен басталғанымен, кейіннен оның шаш етектен пайдасын да көрдік. Бүгінде жүгері әлемдегі ең көп егілетін дақыл ретінде тек бидайға ғана жол беріп тұр.
Хрущевтің «сүйкімді сопағын» бағып-қағып өсі­ру оңай болмағанымен, құс шаруашылығында да, мал бордақылауда да таптырмайтын дақыл екені бая­ғыда-ақ дәлелденіп қойған. Егуінен бастап, оны жақ­сылап өсірген жағдайда әр гектарынан 12-14 тон­наға дейін таза дән, 30-40 тонна төңірегінде сүр­лем алуға болады. Кеңес кезеңінде бір ғана аудан кө­лемінде 200 мың тоннаға дейін жүгері өндірілетін. Бүгінде еліміздің әр аймағында өсіріледі. Бірақ там-тұм. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты жүр­гіз­ген көпжылдық агротехникалық зерттеулердің нә­ти­жесі көрсеткендей, әр гектарға 120 келі азот, 180 келі фосфор мен 60 келі калий сіңіргенде, дән­дік жүгерінің әр гектарынан 92,8 центнерден өнім алуға болады екен. Дегенмен бүгінде жүгеріні өсіріп, өндіргенмен, өткізуде біршама қиындық туындауда. Баға да қырдың қызыл түлкісіндей мың құбылып тұ­рады. Кеңес заманында мемлекет барлық өнімді қа­былдап алып, құс шаруашылықтарына таратып бе­ре­тін.
Қазір мұндай көмек көзден бұл-бұл ұш­қан. Жүгері өсірумен айналысатын ау­дан­дар өз күндерін өздері көріп, қамдарын өздері жасауға үйренген. Бұдан бөлек, мал мен құс шаруашылығына пайдаланып қа­на қоймай, оның тәтті нарығында да ­көр­се­тер көмегі көп. Мәселен, Жаркент крах­мал және сірне зауыты жылына 10 мың тонна жүгері қабылдайды. Оны, негізінен, тамақ өнеркәсібіне пайдаланатыны белгілі. Бұдан бөлек, глютен, жүгері майы және мал азығына қажетті жем де шығарылады. Бү­гін­де зауыт өндіретін крахмал мен сірнені «Жамбылгипс», «Рахат», «Қазақстан қаға­зы», «Қазупак», «Хамле», «Алматыазық» сын­ды іргелі кәсіпорындар тұтынып отыр. Мал мен құс шаруашылығына қажетті глю­тенді «Қостанай құс» және Өскемендегі құс фабрикалары сатып алады. Сондай-ақ мұнда өндірілген өнім түрі Ресей, Қыр­ғыз­станға экспортталады. Жүгері крахмал жә­не сірне зауытында алты түрлі затқа ай­на­ла­ды. Осыған қарап, келешекте жүгеріден өнім өндіретін зауыт санын көбейтсек, ұт­па­сақ, ұтылмас едік деген ой қаузай­ды.
Жүгері шаруашылығының да шар­ша­та­тын мәселелері шаш етектен. Биыл жүге­рінің бір келісі 15 теңгеге бағаланды. Бұл, әрине, төмен баға. Жұмысы ауыр, рахаты кем жүгері өсіру оңай емес. Осыдан үш жыл бұрын бір келі жүгері 30-40 теңгеге дейін көтерілген болатын. Бидай, арпа сынды дәнді дақылдардың бітік шыққаны жүгері бағасының төмен құлдилауына әсер етеді. Құс жемінің 70-80 пайызын жүгері құрауы тиіс. Өйткені жүгері-жемді тұтынбаған тауықтар стандартқа сай емес жұмыртқалар туады. Және бір қап дегізері – біраз құс шығыны болады. Құстың негізгі жемі жүгері болуы тиіс, алайда оны жұ­мырт­қа өндірушілердің көбісі ескере бер­мейді. Қай жылы қандай дәнді дақыл арзан болады, соны алуға тырысады. Бұл өз кезегінде жүгері шаруашылығының құл­ды­рауына әкеп соқтырады. Жүгерінің суды аса көп мөлшерде қажет ететін дақыл екені белгілі. Оны неғұрлым көп суарған сайын өнімділігі арта түседі. «Тамшылатып суару технологиясын жүгеріге де жаратып, мол өнім алуды әзірден-ақ қолға алу қа­жет» дейді мамандар. Бүгінде осы тех­но­ло­гия­ны Израильде қолданып, жүгеріден мол өнім алып отыр. Сүрлеммен бор­да­қы­лан­ған мал ет пен сүтті көп береді. Еліміз Ке­ден­дік одаққа енгеннен кейін, малды бор­да­қылап, Ресейге ет өткіземіз деп мақсат қойып отыр. Әрине, бұл кезекте ма­лымыз семіз болуы үшін ең алдымен жүгері шар­уа­шылығын дамыту қажет. Жүгері ша­руа­шылығы тізбектелген, яғни кластерлі өндірісті дамытуға жол ашатыны белгілі. «Дала аруын» өсіретін аймақтар ет-сүт өндіруді және құс шаруашылығын да­мы­ту­ды қоса алып жүріп, екі жеп биге шы­ғуы­на болады... Бұл саладағы ең бір артық­шылығымыз – елімізде сапалы тұ­қым дайын­дау жоғары деңгейде дамы­ған. Жүгері тұқымдарына Тәжікстан, Қыр­ғыз­стан, Түрікменстан, Иран, Түркия сынды елдер қатты қызығушылық танытып, сатып алуда. Түрлі дақылдардың тұқымын дайын­­­дайтын Жаркенттегі «Будан» ша­руа­шы­лығы қазір елімізде егілетін жүгері тұқымының 50 пайызын әзірлеп шығарады. Бір ғана ауданда жүгері өсіру үшін орта есеппен алғанда 525 тонна тұқым қажет екен. Бұл үшін тұқым дайындайтын шаруа­шы­лықтарға арнайы субсидия беріліп жатыр.

                Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)  

Сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде пай­да­ланылатын консервіленген жүгерінің бәрі де шетелден тасымалданады. Бұл да – ой­лан­тарлық мәселе. 2012 жылдан бастап Грузия жүгеріні экспорттауды қарқынды түр­де қолға алмақ. Олар әзірден-ақ дайын­­дықты бастап  кетті. Грузияның ауыл шаруашылығы министрі Бакур ­Квезе­рели елге импортталатын жүгерінің 25 пайы­зын өздерінде өндірілетін жүгерімен алмастырмақ. Олар 2011-12 жылдары 260 мың гектарға жүгері егуді жоспарлап та қойды. Сөйтіп, 1 миллион тоннадан ас­там өнімді экспорттамақ. Алдына осындай мақсат қойған ел басты қарсыласы Украи­на­ны жолда қалдырамыз деп отыр. Грузия ертерек есін жиып, жүгері шаруашылығын дамытуға арнайы бағдарлама қабылдап жат­қанда, біздің қамсыз отыруымыз әтте­ген-ай дегізері анық. Оның үстіне, жүгері – экзотикалық өнім емес, өзімізге етене таныс дақыл. Өндіруде де көпжылдық тәжі­рибеміз бар. Ендеше...
 Низамутдин Пірманов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығы­ның орынбасары:
– Бүгінде, расында, жүгері дақы­лы­на деген сұраныс артып отыр. Құс фаб­ри­калары көбеюде. Соған орай сұраныс та арта түсуде. Сол үшін жүгері дақыл­да­рын егетін алқаптарды көбейту міндеті тұр. Ауыл шаруашылығын дамы­тудың 2011-15 жылдарға арнал­ған бағдарламасының ішіне жүгері да­қы­лы да кіреді, дегенмен оған арналған ар­найы бөлім жоқ.

Жүгері – тарих
Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «манс» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын тапқан. Оның ал­ғашқысын Еуропаға Христофор Ко­лумб әкелген. ТМД аумағында жү­герінің алғаш орныққан жері – Мол­довия. Одан В,Е дәрумендері, тех­ни­ка­лық май, лино­леум, желім, жасанды жібек алынады. Жүгері өндіруші үздік 10 елдің қатарына АҚШ, Қытай, Бра­зи­лия, Мексика, Ар­ген­тина, Франция, Кана­да, Италия кіреді. Мәселен, АҚШ-та жылына 332 092 180 тонна жүгері өн­діріледі.

Жүгері – дерек
Жүгерінің 65-70 пайызы көмір­су­тектен, 7-12 пайызы ақуыздан, 3-6 пайызы майдан тұрады. Бүгінде еліміз­де­гі ша­руа­шылықтарда белгілі селек­цио­нер Лазар Койич будандастырған жүге­рінің 24 тұқымы бар. 12 тұқым түрі мем­лекеттік реестрге тіркелген. Тұлпар-539, Алтын-739, Арман-689, ҚазЗП-200, Скиф-619, Сұңқар-779, Марко-419 деп аталатын тұқым түрі еліміздің климаттық жағ­дайы­на бейімделген.

Жүгері – дәру
Жүгері аналығының өт жүргізетін қасиеті бар екені дәлелденді. Оның әсерінен өт секрециясы артады да, билирубин саны азаяды, өт сұйылады, қандағы протромбин саны артады, диурез күшейе түседі. Жүгері аналығын басқа да дәрілік өсімдіктермен қосып, холецистит, гепатит кезінде өт жүргізетін және өт бөліп шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ қан кетуін тоқтататын препарат ретінде қолданады.

Жүгері – жаңалық
АҚШ ғалымдары сұлы мен жүгері өнімдерінің венерологиялық ау­ру­ларға қарсы емі бар екенін анықтады. Бұл жүгерінің құрамындағы аргинин амин­қышқылында екен. Зерттеуші ға­лым­дардың мәліметінше, ағзаны мерез, соз сияқты тері-венерологиялық ау­ру­лардан қорғау үшін денедегі макрофаг жасу­ша­лардың қызметін күшейту керек. Бұл жа­сушалар ауру қоздырғыштары мен бас­қа да бөгде жасушаларды жоя ала­ды. Ал макрофагтардың белсенді әре­кет етуі үшін ағзада аргинин амин­қыш­қылы көп болуы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста