Жәдит үлгісімен әліппе жазған...

Жәдит үлгісімен әліппе жазған...

Бүгін Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Қоңырқожа Қожықов – қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым» тақырыбында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел өтуде. Оған республикамыздағы ғылыми-зерттеу институттарының тарихшы, әдебиетші, мәдениеттанушы ғалымдары, белгілі қаламгерлер, кітапханашылар, оқу орындарының студенттері қатысуда.

Қоңырқожа – Түркістан автономиясын құруға, оның Орталық атқару комитетінің әртүрлі комиссияларында қызмет атқарып, Әулиеата, Жетісу уездерінде жер реформасын жүргізуге, Орта Азиядағы ұлттық межелеу науқанына белсенді түрде қатысқан азамат. Қазақ балаларының сауатсыздығын жою мақсатында 1912 жылы «Әліппені» жәдит үлгісімен жазып, Орынборда арнайы кітап етіп шығаруы – оның басты еңбегінің бірі. Сонымен қатар ол Санжар Асфендияровпен бірге Ұлттық мәдениет ғылыми-зерттеу (қазіргі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты) институтының негізін қалаушылардың бірі болып, аталған институтта ғылыми хатшы қызметін атқарған.

Бұған қоса Кеңес Одағы Ғылым академиясының Қазақ филиалында еңбек ете жүріп, «Қазақстанның материалдар мен деректердегі тарихы» атты монография, Жетісу өңіріндегі көне тарихи қорғандар мен ескерткіштерді зерттеу мақсатындағы экспедицияға қатысып, Орхон жазуы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Ақтас мазарлары туралы ғылыми еңбектер жазып, ескерткіштерді мемлекет тарапынан қорғауға алу мәселесін көтерген.

Сталиннің солақай саясатының құрбаны болып, бірнеше рет айыпталған Қоңырқожа 1938 жылы қайта қамауға алынып, ату жазасына кесілді. Арыстай азаматтың ұлт алдындағы адалдығы 1957 жылы ғана дәлелденіп ақталды. Биыл қайраткердің туғанына 130 жыл толады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста