Жаһандық кітап бәсекесінде Қазақ елі – үздіктер қатарында

Жаһандық кітап бәсекесінде  Қазақ елі – үздіктер қатарында

Жуырда Ашғабад қаласында өткен VII халық­аралық кітап көрме-жәрмеңкесінде Қазақ елі үздік­тер қатарынан көрінді . «Кітап – ынты­мақ­тастық пен прогресс жолы» атты   VII халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде Қазақстан Түрік­мен­стан­нан кейінгі 2-орынға ие болды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, көрмеге әлемнің 26-дан аса мемлекетінен кітап шығарушылар қатысқан. Қазақстан делегациясына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Қуат Борашев жетекшілік етті. Көрмеге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің қолдауымен 800-ден астам кітап аталымы мен қазақ қолөнерінің бұйым­дары ұсынылды. Шараның негізгі мақсаты – әлемдік баспа индустриясының тәжірибесін үйрену және кітап шығарушылар, кітап таратушылар мен поли­графиялық материалдар мен жабдықтарды өндірушілер арасындағы байланысты нығайту. Көрме-жәрмеңке аясында алты номинация бойынша конкурс жарияланса, Қазақстан сондағы әртүрлі дәрежедегі алты дипломды жеңіп алды. Оның ішінде бесеуі но­минациялар бойынша болса, біреуі үздік рәсім­делген көрме үшін сыйлықтарын иемденді. Байқау келесідей номинациялар бойынша өткізілді: 1. «Жыл кітабы»,  2. «Жыл оқу құралы», 3. «Балаларға арналған кітап», 4. «Көр­кем басылым», 5. «Полиграфиялық үздік орын­­дал­ған кітап», 6. «Баспалық үздік рәсімделген кітап». Жалпы конкурстық комиссияға 12 отандық кітап өнімі ұсынылды. Біздің ел тарапынан ұсынылған экспонаттар – «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шығарылған кітаптар. Сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті туралы кітаптар, қазақ қоғамының рухани-танымдық және интел­лек­туалдық-мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты патрио­тизм, ұлттық және жалпы адами құндылықтар идеал­дары рухында тәрбиелеуге және Қазақ елінің қоғам­дық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-танымдық және мәдени өміріндегі жетістіктерді кеңінен танытуға бағытталған көркем, ғылыми, пуб­лицистикалық және басқа да өзекті шығармалар ұсынылған болатын.
Сонымен қатар ұйымдастырушылар мен қонақ­тарды Қазақ елінің салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында біздің делегация тарапынан концерттік бағдарлама және Түрікменстан Республикасының атақты қаламгерлері мен қайраткерлерімен шығар­машылық кездесу мен қазақ қолөнері бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста