«Жәкішев ісі» Венаға барып тірелді

«Жәкішев ісі» Венаға барып тірелді

Шытырман дауға ұласқан «Жәкішев ісі» бойынша тергеу жұмыстарына ақыры нүкте қойылды. Кеше Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының экс-президенті Мұхтар Жәкішевтің ісіне қатысты материалдардың сотқа берілгенін хабарлады. «Тергеу материалдарының аса құпиялылығына қарамастан, Бас прокуратура сот процесін ашық режимде өткізуді ұсынып отыр», – деп атап өтті ол.

Мұхтар Жәкішевтің осы жылдың мамыр айынан бері тергеуде отырғаны белгілі. Оған «қызмет бабын теріс пайдаланды, аса ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырды және еліміздің уран саласына залал келтірді» деген айыптар тағылған болатын.

«Тергеу амалдары кезінде Мұхтар Жәкішевтің ұйымдасқан топтың көмегімен компанияның дүние-мүлкін ысырап ету арқылы мемлекетке зор көлемде шығын келтіргені дәлелденді», – деп атап өтті ресми өкіл Нұрдәулет Сүйіндіков.

Оның айтуынша, М. Жәкішев 2003 жылы МАГАТЭ-мен байланыстарды жетілдіру деген желеумен Австрия астанасы – Вена қаласында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының өкілдігін ашқан. «Ал өкілдіктің басшылары мен қызметкерлері ретінде формальды түрде Қазақстанның Австриядағы елшілігінің қызметкерлері мен олардың туыстары тіркелген. Мысалы, ұлттық компанияның Венадағы өкілдігінің басшысы ретінде елшілік қызметкері Эльнара Шоразованың анасы мен Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісінің жанында болған Вадим Кошляктың жұбайы тағайындалған. Осылайша, М. Жәкішев ұлттық компанияның Венадағы өкілдігіне қажетті дүние-мүліктерге жұмсалды деген сылтаумен 2003-2007 жылдары аралығында 99 миллион 736 мың 961 теңге болатын компания қаржысын жымқырған. Бұл аталған әрекеттерден басқа оған өзге мемлекеттік сатып алулар конкурсының жеңімпазы атану үшін мердігер кәсіпорын басшыларынан аса ірі көлемде пара алған деген айып тағылып отыр», – деді ресми өкіл.

Сондай-ақ М.Жәкішевтің оққағары Қыстаубаевқа да «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қаржысын жымқырып, өзінің қызметін теріс мақсаттарға пайдаланды деген айып тағылғаны белгілі болды. «Бұдан арғы жұмыстар сот шешіміне байланысты шешіледі. Прокуратура бұл істің барынша ашық өткізілуіне ұйытқы болады. Ал уран кеніштеріндегі ұрлық мәселесіне байланысты істер қосымша тергеу, іздестіру шараларын қажет ететіндіктен оған қатысты материалдар бөлек қаралатын болады. Қазіргі таңда осы мәселелер бойынша да алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде», – деп атап көрсетті Н.Сүйіндіков. Ендігіде «Жәкішев ісі» Астана қаласындағы №2 Сарыарқа аудандық сотында жалғасатын болады.

Сонымен қатар брифингте Прокуратура өкілі Алматы қаласының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Айдын Жантелеевке қатысты қозғалған істің тоқтатылғанын мәлім етті. Мұндай шешімді қабылдауға А. Жантелеевті ұстау барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің тарапынан болған өрескел заң бұзушылықтар негіз болған. «Жантелеевті ұстау барысында ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері онымен бірге болған төрт адамға қатысты негізсіз тұтқындау, кісен салу, медициналық бақылаудан өту сияқты шараларды мәжбүрлеу арқылы заңсыз қолданған. Мұнымен шектелмей, аталған төрт адам ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратына жеткізіліп, ол жерде келесі күннің таңына дейін заңсыз қамауда ұстаған. Бұл фактілер бойынша қазір тергеу жүргізілуде», – деп мәлім етті Н. Сүйіндіков.

Дегенмен ресми өкіл сөз арасында аты-шулы Жантелеевті сүттен ақ, судан таза етіп шығаруды көздемегенін айтып қалды. «Жантелеевті қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып, біз оның ұсталуына байланысты жекелеген нақты деректерді назарсыз және бағалаусыз қалдырған жоқпыз. Әсіресе, оның есірткінің заңсыз айналымына қатысты тұлғалармен байланысы болғаны туралы деректер ашылды. Осы себептерге байланысты Бас прокуратура Жантелеевті лауазымды мемлекеттік қызметке сай емес деп санайды», – деп атап өткен ол Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қожамжаровтың атына Айдын Бақытұлының  Алматыда қаржы полициясы бастығының орынбасары қызметінде қалуының орындылығы туралы мәселе көтеру туралы ұсыныс жолданғанын айтты.

Ал дәл осы іс бойынша Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің көзқарасы басқашалау тәрізді. Олардың Бас прокуратураның шешімімен келіспейтіндігін бүгінгі таратқан ресми хабарламасынан анық байқауға болады. Олар М. Тағаев пен А. Жантелеев құрықталған кезде есірткі пайдаланғаны бұлтартпас шындық екені туралы мәлімет таратып отыр. Екі азаматтың есірткі пайдаланғанын оларды тексерістен өткізген Алматы қалалық наркологиялық орталығының қорытындыларына байланысты белгілі болып отырғаны туралы айтылды. «Жантелеев ұсталғаннан кейін бес күн өткеннен соң қайта жүргізілген медициналық сараптама қорытындылары оның есірткі пайдаланғанын анықтады» делінген ресми хабарламада. Және аталған хабарламада А. Жантелеевке қатысты қылмыстық іске нүкте қойған Бас прокуратура «Жантелеевтің есірткі пайдаланғанын жоққа шығармайды» деп көрсетілген.

Бұл мәселелер жоғарыда аты аталған күштік құрылымдардың арасындағы текетіреске нүкте қойылмағанын көрсетіп отырғандай.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста