"Жалақымызбен отбасыны асыру мүмкін емес": Маңғыстаулық өрт сөндірушілер Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады (видео)

"Жалақымызбен отбасыны асыру мүмкін емес": Маңғыстаулық өрт сөндірушілер Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады (видео)

"Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі республикалық орталық штабы" ЖШС-нің "Ақ берен" Маңғыстаулық бөлімінің қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Лада басылымына сілтеме жасап. 

Өрт сөндірушілері видеода айлықтарының 65-70 мың теңге көлемінде екенін айтады. Ал еліміздегі ең төменгі жалақы 2022 жыл бойынша 60 мың теңге.

"Бұл қаржыға өмір сүру мүмкін бе? Бір ай бұрын басшылық пен президентімізге жалақыны көтеру керек екенін айтып хат жолдаған едік. Бірақ бізді ешкім тыңдамады, енді бейнеүндеу жариялауға мәжбүрміз", - деді қызметкерлердің бірі. 

Өрт сөндірушілер жалақыны 300 мың теңгеге дейін көтеруді талап етті. Бұдан кейін жұмыс беруші қызметкерлердің наразылығына жауап беріп, қажетті келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Басшы ретінде бұл айлыққа отбасына асырау мүмкін емес екенін түсінемін. Сондықтан демалыс күндері олар қосымша табыс табуға мәжбүр.Мәселені шешу үшін "ҚазТрансОйл" компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Біз бұл кәсіпорынның нысандарын өртке қарсы жүйемін қамтамасыз етеміз. Мәселе өз шешімін табады деп үміттенеміз", - деді ЖШС басшылығы.

https://www.youtube.com/watch?v=cE8vDQd2eDU

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста