Жалынға оранып жазым болды
Нөсерлеп жауын жауған сенбі күні қала сыртындағы тұрмыстық вагон өртке оранып, өрт сөндірушілер оның ішінен адам мүрдесін тапты.
Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Самал Әбированың айтуынша, өрт сөндіру қызметіне түскі сағат 11:00-де «Атырау-Орал» тас жолы бойындағы тұрмыстық вагонның өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. «Строймарт» құрылыс базасы аумағындағы тұрмыстық вагонды жалмаған өртті ауыздықтаған өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері вагон ішін тексерген кезде өртеніп кеткен ер адамның мүрдесін тапқан. Қазіргі күні оның кім екенін анықтаумен құқық қорғау органдары шұғылданып жатыр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу