Жаңа аппараттың жаңалығы көп

Жаңа аппараттың жаңалығы көп

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында жаңадан диализдік зал ашылып, бүйрегі ауыратын науқастарға арналған жаңа 10 аппарат сатып алынған болатын.
Шведтік Gambro аппаратының ерекше­лігі аз емес. Онда барлық аппарат бір ақ­па­раттық жүйе арқылы біріктіріледі. Со­ны­мен бірге дәрігердің кез келген аппаратқа нұс­қаулықты компьютер арқылы қоюға мүм­кіндігі бар.
Сондай-ақ бұл аппараттың диализ ке­зінде қан қысымын, жүрек соғысының жиі­лі­гін, гемоглобиннің деңгейін және өз­ге де науқасқа қажетті өмірлік маңызы бар көр­сеткіштерді өлшеп отыратын модуль­де­рі бар. Егер де емделушінің ағзасында қан­дай да бір өзгеріс болса, аппарат дереу тір­кеп, компьютерге жіберіп отырады. Ап­па­рат­тың тағы бір артықшы­лығы – ем­де­лу­ші­нің жеке картасын құрас­тыруға мүм­кін­дік беретін­дігінде. Оны дәрігерлер чип деп атайды. Бұл кәдімгі пластик карта се­кіл­ді. Сон­да нау­қас туралы барлық мәлі­мет енгі­зіледі.
Дәрігерлердің айтуынша, бұл өте ың­ғайлы. Кез келген басқа қалада болған жағ­дайда науқас сол картасын ұсынып, ге­мо­диализ өте алады. Гемодиализ құ­рыл­ғысы бес жыл сайын жаңарып отыра­ды. Биыл бұл аппаратты аурухана 50 млн теңгеге сатып алған.
Салтанат САРИЕВА, облыстық клиникалық аурухананың дәрігер-нефрологы:
– Бізде 15 жылдан астам уақыт жасан­ды бүйрекпен өмір сүріп келе жатқан нау­қас­тар да бар. Қандай да бір ауруға қарсы тұруда олардың бүйректерінің шамасы кел­мейді де, бүйректің созылмалы жетіс­пеу­шілігі пайда болады. Сондықтан олар үнемі гемодиализден өтіп отыруы тиіс. Бү­гінгі таңда облыста мұндай науқастар саны – 231.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста