Жаңа Түркістан қазақ бюджетіне 1 трлн теңгеге түседі

Жаңа Түркістан қазақ бюджетіне 1 трлн теңгеге түседі

Екі жыл бұрын, 19 маусымда президенттің жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкенттен Түркістан қаласына көшті. Жаңа статус ала сала, қала өзгерді. Түркістан қаласындағы қазіргі құрылыс қарқынына қарасаң, кезіндегі астана есіңе түседі: иен далада алдымен үлкен бір ғимарат бой көтеріп, бірнеше ай немесе бірнеше жылда оның айналасы абаттандырылады.

Azattyq Rýhy Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атына ресми сауал жолдап, қаланың жаңа келбеті үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін, жаңа Түркістан салынғанда, киелі Түркістан тағдыры не болады және ең бастысы, осыншама ауқымды жұмыстың архитекторы кім  деген сұрақтардың жауабын білуге тырысты.

«АСАРМЕН» САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҮРКІСТАН

Түркістан облысының Сәулет және қала құрылысы басқармасы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Оңтүстік Қазақстан облысының орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығы және «Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №762 Жарлықтарына сәйкес», өз тарапынан атқарып жатқан жұмыстарын баяндады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістан қаласында 175 жаңа нысан салынатыны жазылған еді. Біздің ресми жауабымызға жауап берген қаланың сәулет басқармасы Үкіметтің тиісті қаулысын ұсына отырып, Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарында 148 нысан бар деп хабарлады. Осы 148 нысанның 130-ы тек Түркістан қаласында салынады.

148 ғимараттың ішінде 32 құрылыс 2018 жылы басталған. Оның 12-ін басқа облыс, басқа қала салып беріп отыр. Материалдың соңында өзге облыс пен қалалар салып берген ғимараттардың атауын және бюджетін ұсынамыз.

5 ЖЫЛ, ЖАҢА ҚАЛА ЖӘНЕ 1 ТРЛН ТЕҢГЕ

«2019 жылы 12 нысанның құрылысы аяқталды. Биыл 21 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоғарыда айтылған жобалармен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген басқа да нысандардың құрылысы 2019-2024 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес жүреді», - деп жауап берді облыстың Сәулет құрылыс басқармасы.

Үкімет бекіткен Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес, 2019-2024 жылдар аралығында республикалық бюджет, жергілікті бюджет, жеке инвестиция мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы облыстың жаңа келбеті үшін 1 трлн 236 млрд 615 млн теңге жұмсалғалы отыр.

Оқырмандарымызға Түркістан облысының құрылысы үшін әр жылы әртүрлі көзден неше теңге қарастырылғаны туралы арнайы графика ұсынып отырмыз.

ОБЛЫСТЫҢ БАС АРХИТЕКТОРЫ КІМ?

Осынша қаражатқа салынып жатқан облыстың бас архитекторы қазір Нұрлыжан Бөкебаев болып отыр.

« Түркістан қаласының бас сәулетшісі қызметін 2018 жылдан бері Тасов Жандос Қалмырзаұлы атқаруда. Мамандығы: сәулетші, Түркістан қаласының тумасы. Биыл сәуір айынан бастап Түркістан облысы бас сәулетшісі қызметіне Бөкебаев Нұрлыжан Маратбекұлы тағайындалды», - деп хабарланған біздің ресми сауалымыздың жауабында.

Нұрлыжан Бөкебаев туралы толық ақпарат аз. Сәулет-құрылыс басқармасы бас архитектордың биографиясын, суретін ұсынған жоқ. Бірақ Нұрлыжан Бөкебаев Оңтүстік Қазақстан облысы бар кезде, сол кездегі облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен бірге, Шымкент қаласында салынған тарихи-монументалдық саябақ кешенінің құрылысына қосқан үлесі үшін 2014 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған еді. Мемлекеттік сыйлықты алған кезде мүсінші болған Бөкебаев енді жаңа облыстың бас архитекторы атанып отыр. Шымкенттегі жаңа кешен сол жылы 680 млн теңгеге салынған еді.

Оқи отырыңыз: Түркістандағы «асар»: әкімдіктіктер миллиардтарды қандай ғимараттар салу үшін жұмсады?

ҚАЛАНЫҢ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖОБАСЫН ЮНЕСКО БЕКІТКЕН

Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең бірегей тарихи-мәдени әрі өте ескі, құнды жер болып саналатын Түркістандағы жаңа ғимараттардың барлығы дерлігі заманауи үлгіде. Сәулет құрылыс басқармасының мамандары сендіргендей, жаңа ғимараттар қаланың ескі келбетіне көлеңке түсірмейді. Тіпті, қаланың екінші, ескі орталығының жобасын ЮНЕСКО сарапшылары бекіткені хабарланып отыр.

«Түркістан қаласының бас жоспарын жобалау барысында қала мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталық болып 2 аумаққа бөлінді. Мәдени-рухани орталықтағы жобалар Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының сарапшыларының қорытындыларына сәйкес іске асырылуда. Орындалған жобалар,  атап айтқанда, мәдени-рухини орталықтағы нысандардың сәулеттік  келбеті – шығыс үлгісінде салынуына мән беріледі», - деп хабарлады басқарма біздің ресми сауалымызға жауап бере отырып.

2019 жылы басқа облыс пен қалалардың есебінен салынып біткен 12 нысанның атауы және бюджеті:

1) «ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ҒИМАРАТЫ» құрылысы - Түркістан облысы есебінен. Құны - 2019 жылға  Республикалық бюджеттен 1 млрд 513 млн теңге, жергілікті бюджеттен 500 млн теңге, 2020 жылға республикалық бюджеттен 2 млрд 500 млн, жергілікті бюджеттен 130 млн теңге, 2021 жылға республикалық бюджеттен 1 млрд теңге  бөлінген.

2) «НҰР-СҰЛТАН АЛАҢЫ» құрылысы - Нұр-Сұлтан қаласы есебінен; Құны – 1 млрд 500 млн теңге.

3) «МЕДИА ОРТАЛЫҚ» құрылысы -  Алматы қаласы есебінен; Құны – 2019 жылға 800 млн, 2020 жылға 700 млн теңге қарастырылған.

4) «ОЛИМПИАДАЛЫҚ РЕЗЕРВ СПОРТ МЕКТЕБІ» құрылысы -  Солтүстік Қазақстан облысы есебінен; Құны – 1 млрд теңге.

5) «МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕП» құрылысы -  Батыс Қазақстан облысы есебінен;

Құны -  1 млрд теңге.

6) «ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ» құрылысы -  Павлодар облысы есебінен; Құны – 200 млн теңге;

7) «ШЫҒЫС МОНШАСЫ ҒИМАРАТЫ» құрылысы -  Қызылорда облысы есебінен; Құны – 1 млрд теңге

8) «ҚАБЫЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ҒИМАРАТЫ» құрылысы - Жамбыл облысы есебінен; Құны – 1 млрд 500 млн теңге

9) «МУЗЫКАЛЫҚ СУБҰРҚАҚ» құрылысы -  Шығыс Қазақстан облысы есебінен; Құны – 700 млн теңге

10) «АМФИТЕАТР» құрылысы -  Маңғыстау облысы есебінен; Құны - 1 млрд 900 млн теңге.

11) «НЕКЕ ҚИЮ САРАЙЫ ҒИМАРАТЫ» құрылысы -  Қостанай облысы есебінен; Құны – 2019 жылға 428 млн теңге, 2020 жылға 500 млн теңге бөлінген.

12) «ТҮРКІСТАН қ. АВТОВОКЗАЛ» құрылысы -  Жеке инвестор есебінен; Құны – 1 млрд 500 млн теңге.

2020 жылы жылы пайлалануға берілетін нысандар:

1)«ОБЛЫСТЫҚ БАСҚАРМАЛАР ҒИМАРАТЫ» құрылысы – Түркістан облысы есебінен; Құны – 2019 жылға республикалық бюджеттен 2 млрд 750 млн теңге, жергілікті бюджеттен – 300 млн теңге, 2020 жылға республикалық бюджеттен 2 млрд 500 млн теңге, жергілікті бюджеттен – 725 млн теңге, 2021 жылға республикалық бюджеттен 3 млрд 975 млн теңге қарастырылған.

2) «АУМАҚТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТТЕР ҒИМАРАТЫ» құрылысы - Түркістан облысы есебінен;  Құны – 2019 жылға республикалық бюджеттен 2 млрд 750 млн теңге, жергілікті бюджеттен 300 млн теңге, 2020 жылға республикалық бюджеттен 4 млрд 221 млн теңге, жергілікті бюджеттен 725 млн теңге, 2021 жылға республмикалық бюджеттен 2 млрд 253 млн теңге қарастырылған.

3) «КОНГРЕСС ОРТАЛЫҒЫ» құрылысы – Самұрық-Қазына АҚ есебінен; Құны – 2019 жылы 4 млрд 890 млн теңге бөлінген. 2020 жылға 11 млрд 410 млн теңге қарастырылған.

4) «ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ» құрылысы – Самұрық-Қазына АҚ есебінен; Құны – 2019 жылы 2 млрд теңге бөлінген. 2020 жылға 2 млрд 500 млн теңге қарастырылған.

5) «700 ОРЫНДЫҚ СТАДИОН» құрылысы - Самұрық-Қазына АҚ есебінен; Құны – 2019 жылға 7 млрд, 2020 жылға 13 млрд теңге бөлінген.

6) «ЖАБЫҚ БАССЕЙНІ БАР СПОРТ КЕШЕНІ» құрылысы – Petroleum Operating ЖШС есебінен; Құны – 2019 жылға 5 млрд теңге, 2020 жылға 10 млрд теңге бөлінген.

7) «ҚАЛАЛЫҚ САЯБАҚ(аттракционымен)» құрылысы – Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстары есебінен; Құны – 10 млрд теңге.

8) «ҒЫЛЫМИ ӘМБЕБАП КІТАПХАНА» құрылысы – Шымкент қаласы есебінен; Құны 1 млрд 500 млн теңге.

9) «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ ОРТАЛЫҒЫ» құрылысы – Атырау облысы есебінен; Құны – 6 млрд теңге.

10) «Қ.А.ЯССАУИ МҰРАЖАЙЫ ҒИМАРАТЫ» құрылысы - Самұрық-Қазына АҚ есебінен; Құны – 2 млрд 800 млн теңге.

11) «ДРАМТЕАТР ҒИМАРАТЫ» құрылысы – Ақтөбе облысы есебінен; Құны – 1 млрд 500 млн теңге.

12) «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЯБАҒЫ» құрылысы – Түркістан қаласы есебінен; Құны – 6 млрд теңгеге жуық.

13) «ЦИФРЛЫҚ КЕҢСЕ» құрылысы – Түркістан облысы есебінен; Құны – 500 млн теңге.

14) «СМАРТ СИТИ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІ» құрылысы - Түркістан облысы есебінен; Құны – 1 млрд теңге.

15) «900 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП» құрылысы – Республикалық бюджет есебінен; Құны – 1 млрд 200 млн теңге

16) «ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» құрылысы – жеке инвестор; Құны – 18 млрд теңге.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста