Жаңа жылдың алғашқы күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК 31 желтоқсан-2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.
«Атлант циклоны мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар жауады, боран, екпінді жел соғады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады», - дейді синоптиктер.
1 қаңтарда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Ауа температурасы түнде батыста 1-6 градус аяздан 2-3 градусқа дейін аздап жоғарылайды.
Еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында 5-20-дан 10-25 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 0-10 градустан 3-15 градус аязға дейін төмендейді.