Жапырақ жегіштер жайпап барады

Жапырақ жегіштер жайпап барады

Қазіргінің оқушылары білер-білмес, бұрынғы пионерлер үшін күн көсемнің туған күнінің бір пайдасы болушы еді. Сол күні сенбілікке шығып, бүкіл ағаш біткенді жарты метрден биіктеу етіп ақтап шығатын. Әрі әдемі көрінеді, әрі содан да болар, құрт-құмырсқадан аман болған ағаштар қаншама жылға дейін жайқалып өсіп тұратын. Бүгінде сенбілік деген атымен жоқ. Анда-санда «жасотандықтар» ұрандатып жүріп оқушыларды тазалыққа жапқандай болады. Онда да ара-тұра. Болмаса ол да жоқ. Күтімнің болмауынан құрт-құмырсқаға таланған ағаштар жапырағынан айырылып, сарғайып тұрғаны. Соңғы жылдары ағаш біткенге аты да, заты да белгісіз бір жәндіктер үйір болып алды.
Оңтүстіктегі Төлеби ауданына қарасты ауыл­дардағы ағайынның айтуынша, бір-екі жылдық жас ағаштарына түскен майда құрттар жапы­ра­ғын жалмап жеп болған соң өзегіне түседі екен. Түгін қоймаған соң ақы­ры ішінен шіріп, құлай­тын көрінеді. Бұрынғыдай күтім жасайтын бел­гі­лен­ген мамандар да жоқ. Әйтеуір, білетіндерден сұрап дәрі шашқанмен пайда жоқ сияқты. Ұзы­нарық ауылының тұрғыны Сер­жан Жұ­ма­ғұл­ұлының айтуынша, колорадо құр­ты сияқты жыл­дам кө­бейе­тін әлгі ағаш­тың жаулары тіптен бой бер­мей бара жатқан көрінеді. «Құрттарға тос­қауыл қой­масақ, ай­налдырған екі-үш жыл­дың ішін­де бәрі отынға айналып кетпесіне кепіл­дік жоқ», – дейді. Расында, ауыл-аймақта бүгін­де тал-терек еккен­мен, пайда жоқ. Бәрі бауырымен жор­ғалаушыларға жем бо­луда. Алыстан жасыл желекті болып көрін­генімен, жапырағынан тона­лып, шұрқ-тесік болған ағаштар сарғайып кет­кен. Бұл мәселе тек оңтүстікке ғана тән емес. Көрші ел­дер­де де осы кеп. Биыл Бішкекте ағаш жа­пы­рағын жеп, емін-еркін сайран салған құрт­тар 180 мыңнан астам ағашты жарамсыз етіп тас­тапты. Мамандардың айтуынша, жылына екі-үш рет әрлеп тұру қажет екен. Алайда бұл жұ­мыс­тың ат­қа­рылмағанына да біраз уақыт өткен. «Зелен­­острой» мекемесінің өсім­дік бөлімінің шебері Людмила Горо­ховадская ағаштардың тұқы­мын тұздай құр­татын құрттардың жеті жыл бұрын пайда болғанын айтады.
Емендерді құрттан тазарту үшін арнайы көлікпен дәрі шашу қажет екен, алайда оларды шегірткелермен күресуге басқа жаққа жіберген. Өсім­дік­терді химиялық тазалаудан өткізу үшін тиісті органдарға да хабарлаған. 20 жыл­дан бері ағаштарға өңдеу жүргізілмеген. Әзірге жапырақ жұтқыш құрттар тек емен ағашына ғана «ынтық» көрінеді. Бас­қа ағаштарға әлі ауыз салмапты. Дегенмен мамандар өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, басқа ағаштарға да ойран салуы мүмкін екенін айтуда. Бұл құрттар рекордтық көр­сет­кішпен бала­лайды екен. 60-70-ке дейін жұмырт­қалайтын көрінеді. Оны эко­ло­гия­лық зардапқа балаған зеленостройлықтар дәл осылай жалғаса берсе, Бішкек бір тал­сыз қалуы мүмкін екендігін айтып отыр. Біз­дің елімізде де жағдай мақтанарлықтай емес. Ақтөбе қаласына да жапырақ жегіш құрттар «жауғанға» ұқсайды. Олардың әр­түрлі жолмен көрші елдерден асып келуі де мүмкін ғой. Алақанат қоңыздар жас ағаштарды жапырағынан жұрдай қылған. Құйттай ғана құрттар көк өскіндерге жау­дай тиюде. «Әктелмеген, өңделмеген ағаш­тарда құрттар тез өсіп-өнуде. Сөйтіп, бүкіл қалаға таралып кетті», – дейді Ақтөбе облыстық «Фитосанитария» мекемесі фи­лиалының маманы Ғизатулла Ерменов. Фи­тосанитарлар жапырақ жеп есірген қас­көйлер, осылай жалғаса берсе, қаладағы бүкіл ағашты құртуы мүмкін деп отыр. Тіпті ондаған жылдар тұрған қарағаштардың да құрып кету қаупі бар. Мамандар жапы­рақ же­гіштерді екі жыл бұрын байқаған. Сол кез­де бюджетте дағдарысқа байла­ныс­ты қар­жы жоқ деп құтылған екен ше­неу­ніктер. Дағдарыстың дауылынан аман-есен шық­қанымен, әлі де естерін жинай алмай жүр­ме – ақтөбелік шенеуніктер ағаш біткенге мойын бұруға мұршасы жоқ көрінеді. Тек мамандар ғана дабыл қақ­қанымен, жар­тас­тан жаңғырық шығар түрі жоқ. Бір қала ғана емес, ағаштардың өзе­гін жеп, баудай түсіріп жатқан құрттардың өзге қалаларды да «жаулап» алмасына кепіл­дік жоқ. Ше­гірт­кемен күресеміз. Жыл­да миллиондаған ақша бөлініп, секір­гіш жәндіктермен айқа­са­мыз келіп. Ал қаланың ауасын тазартып тұра­тын, өкпеміз іспетті ағаштарға келген­де қыруар қаржы қысыр қалған сиырдай болатыны несі?!.
Толқын ЕСЕНОВА, агроном:
– Соңғы әлетте ғалымдарымызға да бір жұмыс табылған сықылды. Ағашқа түсетін белгісіз жәндікті зерттеп, көзін жою­дың амалын қарастырса болар еді. Жеміс-жидекке, қауын-қарбызға түсе­тін құрттар бір бөлек те, жапырақ жегіш құрттардың ұсқыны тіптен бөлек. Одан бір ғана дәрі шашумен құтыла ал­май­мыз. Ол үшін бүкіл қаладағы ағаш біт­кен­нің бәрін дәрілеп шығу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста