Жаркентте питбуль талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты

Жаркентте питбуль талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты

Алматы облысы Жаркент қаласында питбуль талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаркент қаласының 55 жастағы тұрғынын айдың-күннің аманында ит талап, ажал құштырды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, ер адам түнгі сағат екілерде биллиард ойнап келе жатқан. Азды-көпті ішімдік ішкен екен дейді. Атпалдай ер азамат сол себепті де итке шамасы жетпей қалуы мүмкін деп болжап отыр олар. Ол питбуль асырайтын үйдің тұсынан өте бергенде ит тарпа бас салған. Үй иесінің итін түнде босатып қоятын әдеті болған екен. Сол күні үйдің қоршауындағы үлкен қақпа жабылмай айқара жатқан.

"Марқұм осы Жаркентте жиһаз жасаушы болып еңбек еткен. Тұрғындардың айтқан ақпараты рас. Сол түні ит талағанда ешкім көрмей қалған. Тек таңертең өтіп бара жатқан кісілер көріп қалып, полицияға хабарласқан. Полицияның айтуынша итке сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Ары қарай итке және иесіне қандай шара қолданылатыны сол сараптамадан кейін белгілі болады", - дейді Панфилов аудандық әкімдігінің баспасөз қызметкері Нұрбол Қанағат.

Тұрғындардың айтуынша, ит адамның денесін жантүршігерлік етіп талап тастаған.

"Марқұмның туыстарына психологиялық көмек көрсетілді. Ал жеке өздері әкімдікке материалдық немесе басқа да көмек сұрап өтініш жасаған жоқ", - дейді Нұрбол Қанағат.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста