«Жасанды жүректі ағзам бірден қабылдады»: екі рет жүрек алмастырған жігіттің хикаясы

«Жасанды жүректі ағзам бірден қабылдады»: екі рет жүрек алмастырған жігіттің хикаясы

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша жарты миллионнан астам адам жүрек трансплантациясына мұқтаж. Басты проблема – донор табу. Ағза алмастыру арқылы дүние есігін қайта ашқан санаулы жандардың бірі - Петропавл қаласының тұрғыны Алексей Чабан. Оған 4 жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында екі күрделі ота жасалды. Бірінші рет науқасқа жүректің орнына биопротез қойылған болатын. Ал 5 айдан кейін ол донорлық жүрекке алмастырылды. Ағзасын ауыстырған адамның өмірі қалай өзгереді? Azattyq Rýhy тілшісі Алексей Чабанмен сұхбаттасқан еді. 

 

- Алексей, Сізге не себепті жүрек алмастыру қажет болды?

- Мен туабітті жүрек ақауы кардиомиопатияға шалдыққан едім. Бұл дерт анамнан берілсе керек. Оған да 2016 жылы ота жасалып, жүрегі ауыстырылды. Қазір жағдайы жақсы. Менің 32 жасқа дейін денсаулығыма ешқандай шағымым болған жоқ. Барлық адамдар секілді қалыпты өмір сүрдім. Дәрігерлер тыйымына қарамастан спортпен шұғылданып жүрдім. Тіпті жоспарлы медициналық қараудан өтуім керек болса да, емханаға аттап баспайтынмын. Себебі ауруымды мойындағым келген жоқ. Өзімді дені сау адам ретінде сезінгім келді. Әрі өмірімді спортсыз елестете алмаймын. Бірақ кардиомиопатия жеңіл-желпі сырқат емес. Ауруым өмірімнің ең жауапты сәтінде алқымнан алды. Үйленіп, той жасағаннан кейін екінші күні ұшып түстім. Ауруханадан бірақ шықтым. Одан кейін мені дәрігерлер астанадағы кардиохирургиялық орталыққа жеткізді. Бұл менің жүрек алмастыруға жасаған алғашқы қадамым екенін сол кезде білген жоқпын.

- Жүрек – адамның ең маңызды органдарының бірі. Оны алмастыру жөнінде сөз қозғалғанда бойыңызда үрей болды ма?

- Әрине. Бойымды үрей биледі. Енді осының бәрін бастан кешірген адам ретінде айтатыным – ағза ауыстырудан қорықпау керек. Себебі ол ауыр дертке шалдыққан адамның өмір сүру сапасын жақсартатын жалғыз жол. Мен республикалық кардиохоиургиялық орталыққа түскеннен кейін ертеңінде дәрігерлер ағза алмастыруды ұсынды. Мен бұл жаңалықты қабылдай алмадым, ол мені есеңгіретіп тастады. Ойланбастан бірден бас тарттым. Дегенмен дәрігерлер мені кезекке қойды. Жүрек алмастыруда адамның қан тобы, резус-фактор тіпті салмағына дейін есепке алынады. Осы көрсеткіштердің барлығы донормен сәйкес келу керек. Ағза табылған сәтте жағдайы ең ауыр адамға бірінші кезек беріледі. Мен біраз емделіп, үйге келдім. Енді бұрынғы өмір салтыма оралу мүмкін емес еді. Жүйелі түрде ауруханаға жатып, үнемі дәрі-дәрмек қабылдап жүру қажет болды. Дегенмен жұмысымды істеп жүрдім. Күш-қуатым тез таусылып қалатын. Өзімді қартайған адамдай сезіне бастадым.  Спортты ұмытуға тура келді. Сатымен көтерілудің өзі қиын еді. 

Елордалық дәрігерлер жүректің сол жақ қарыншасына қан айналымын жақсартатын қосымша аппарат қоюды ұсынды. Бірақ үйде шұғыл түрде шешуін талап ететін мәселелер пайда болды. Ал операция кейінге қалдырылды. Бірақ кейін ота қажет емес болып қалды. Себебі жүректің оң қарыншасы да жарамсыз күйге түскен. Жүрегім үздіксіз үлкейе бастады. Дәрігерлер мені жасанды жүрек қана құтқаратынын айтты. Амалсыз келістім.


  
- Жасанды жүректің ерекшелігі неде? Онымен қанша уақыт жүрдіңіз? 

- 2017 жылы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы ауыр жүрек ақауы бар пациенттерде жасанды жүректі зерттеу жөніндегі халықаралық жобаға енді. Оған Қазақстанмен қатар Еуропа елдері – Франция, Дания, Чехия қатысты. CARMAT – француз ғалымдарының жасап шығарған өнімі. Параметрлері бойынша адам жүрегінің физиологиялық параметрлеріне жақын. Маған жасанды жүректі имплантациялау бойынша алғашқы операцияны Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургия орталығының командасы 2017 жылдың 19 қазанында жасады және ол сәтті өтті. 

CARMAT – жасанды жүрек. Салмағы бір келіге жуық биопротез. Едәуір бөлігі қара сөмкеге салынып, мойынға ілініп тұрады. Онда жасанды органға қуат беретін батареялар және батареяның пайызын, жұмыс уақытын, қысымын және басқа параметрлерді көрсететін құрылғы бар. Мұндай жасанды жүректің шығарылуы мен қолданылуын заманауи әлемдік медицинадағы үлкен жетістік деп санауға болады. Биопротез қымбат тұрады, бірақ қазақстандықтарға халықаралық клиникалық зерттеу шеңберінде құрылғылар тегін ұсынылды. Отандық атақты кардиохирург Юрий Пя бастаған 20-ға жуық қазақстандық және еуропалық дәрігерлер бірлесе жасаған операция 10 сағатқа созылыпты. Кейін дәрігерлер менің екі күн бойы кеудем ашылған күйі наркозбен екі тәулік жатқанымды айтты. Өйткені мамандар осылайша жаңа жасанды жүректің дұрыс жұмыс істеп тұрғанына, қан кетіп жатпағанына көз жеткізуі тиіс еді. 

Жасанды жүректі қайта пайдалану мүмкін емес, өйткені қондырғыда оның иесінің биологиялық тіндері бар. Құрылғы жұмыс істегенде жағымсыз дыбыс шығады. Иттердің үргеніне ұқсатамын. Ондай дыбыс шығып тұрғанда ұйықтауға дағдыланбадым. Шомылған кезде де қорқынышты еді. Ал қалғаны жақсы. Денем жаңа «жүректі» бірден қабылдады. Денсаулығым жақсара бастады. Шаршаңқылық басылып, бойымда күш-қуат пайда болды. Тіпті шаш пен тырнақ тез өсіп, бетімдегі әжімдер де кете бастады. Жасанды жүрекпен ауруханада жатып спортпен шұғылдана бастадым. Дәрігерлер мені бірнеше айдан кейін үйге жіберуге келісті. Жолға жинала бастағанда кенеттен донор табылып қалды.

- Екінші операция жайында айтып берсеңіз? Қазір жүрегіңіз қалай, мазаламай ма?

- 2018 жылдың 3 тамызында жүрек трансплантациясы жасалды. Ол да сәтті өтті. 3 аптадан кейін Петропавлға оралдым. Жүрек трансплантациясынан кейінгі алғашқы 12 ай ең жауапты мерзім. Денсаулыққа өте мұқият қарау керек. Өйткені адам денесі бөтен ағзаны қабылдағысы келмейді. Сондықтан имунитетті төмендететін дәрі-дәрмек қабылдау керек. Басында күніне 15 таблетка қабылдадым. Қазір 7-8. Мен мезгіл-мезгіл астанаға жоспарлы емделуге барамын. Барлық қажетті сараптама материалдарын тапсырамын. Қазір барлығы қалыпты. Себебі күтінемін. Бастапқыда басқа адамның жүрегі екені сезілетін. Кейде соғысы жиілеп кететін. Қазір ондай шағым жоқ. Өзім жақсы көретін спортпен шұғылданып жүрмін. 

- Сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Эльмира Мәмбетқызы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста