"Жасы 18-ден асқан қыздарды тоқалдыққа әкетеді": Ауғанстандағы қазақтар Қазақстан үкіметінен көмек сұрады

"Жасы 18-ден асқан қыздарды тоқалдыққа әкетеді": Ауғанстандағы қазақтар Қазақстан үкіметінен көмек сұрады

Ауғанстандағы 200-ге жуық этникалық қазақпен елшілік байланыста отырғанымен, нақты қашан көшіріп әкелетіндері белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ауғанстанның қазағы, қоңыраттан тараймыз деген Димрал Саид Сабердің отбасы қазір оқ пен оттың ортасында отыр. Әсіресе, қарындастарына қатты алаңдайды. Өйткені қазір талибандықтар тоқалдыққа алатын қыздардың тізімен жасап жатыр. Кабулдегі елшілікке барайын десе қару асынған тәліптер ешкімді үйден шығармайды. Саид Сабер егер біздің Қазақстанда білім алып жатқанымызды талибандықтар білсе, оңдырмайды деп, қорқып отыр.     

 
“Егер қыздың жасы 18 жастан жоғары болса, еріктерінен тыс тоқалдыққа алып кетеді. Менің қазір әке-шешеім басқа бір жерде, інім басқа жерде, қарындастарым басқа бір жерде”, – дейді  Ауғанстанның этникалық қазағы Димрал Саид Сабер

Саид Сабер түгілі биліктің өзі ондағы қазақтарды қалай әкелетінін әзір білмейді. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұл бір күнде бітетін шаруа емес деді. 

Ал семейлік бір топ қазақ үкімет көшіріп әкелгенше туған-туыстарымыздан айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр. Рүстем Сахимұрат Ауғанстандағы ағайындарымен екі күннен бері мүлдем байланыса алмай жүр. Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығынан көмек сұрағанмен әзірге ет жақындарының қандай жағдайда екенін белгісіз. 

“Бір қарындасым және 4 әпкем қалып қалған. Және олардың кішкентай бала-шағасы бар. Соғыстың арасында қалып қойған. Екі күн бұрын хабарласқанбыз, сұрағанбыз содан кейін байланыс жоқ. Өйткені интернетті өшіріп тастаған. Желіні қиып тастаған”, – дейді Семей қаласының тұрғыны Рұстем Сахимұрат. 

Рүстем секілді алыстағы ағайынына алаңдап жүрген қанша қазақтың қанша туысы бар екені әзірге белгісіз. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста