Жат ағымдағы ақтөбелік танысын соққыға жығып, пышақтап кетті
Жедел тексеру жұмыстарынң нәтижесінде болған жайтқа қатысы бар 29 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Танысымен сөзге келіспей қалған күдікті жанжал кезінде жәбірленушіні ұрып-соғып, пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Жараланған ер адам Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне түседі.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 106-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
30 мамырда Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұсталып, соңғы бірнеше рет сотталғаны, деструктивті діни ағымның жақтаушысы екендігі анықталды.
Сонымен қатар, полиция күдіктінің Солтүстік Қазақстан облысында ұрлық үшін мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтады. Ұсталған азамат 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.