Жауапкершілікке тартылуға әзірміз – Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт жайлы
Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова өзінің отставкасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі таңда Бас Прокуратура тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Егер оның барысында жұмысыма қатысты сауалдар туындайтын болса, онда ол үшін біз жауапкершілікке тартылуға әзірміз», - деп пікір білдірді Зүлфия Сүлейменова.
Сонымен қоса ведомство басшысы Семей орманындағы өртті жедел ауыздықтауға кедергі болған жағдайларға да тоқталды.
«Абай облысындағы өрт оқиғасына материалдық-техникалық базаның төмендігі де әсер етті. Қазір қолданыстағы техникаларды есептен шығару қажет», - деп жауап берді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу