Жәутіков олимпиадасы жарты әлемнің жас білімпаздарын жинады

Жәутіков олимпиадасы жарты әлемнің жас білімпаздарын жинады

Кеше Алматыда алтыншы халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды. Дарынды балаларға арналған, О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатына 16 мемлекеттен барлығы 312 бала келіп отыр.

Нақтырақ айтқанда, білім додасында бақ сынауға өз елімізбен қоса Мысыр, Моңғолия, Түркия, Болгария, Ресей, Гүржістан, Армения, Украина, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Индонезия, Түрікменстан, Тәжікстан мемлекеттерінің 9 бен 11 сынып оқушылары жиналды. Олимпиада 12-16 қаңтар аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс барысында 49 командаға бөлінген оқушылар әр елде дайындалған барлығы 90 есепті шығарады. Сондай-ақ биылғы жылы оқушыларға информатика пәнінен де тапсырмалар беріледі. Қазылар алқасының құрамы сегіз елдің өкілдерінен құралды, оның қатарында өткен олимпиадалардың жүлдегерлері атанған жас математиктер де бар. Жарысты ұйымдастырушылардың бірі «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Тілдаш Битуованың сөзіне қарағанда, шілде айында Астана қаласында 51-халықаралық математикалық олимпиада өтеді, соның қарсаңында қолға алынып отырған бұл жарыстың маңызы өте зор.

Тілдаш Битуова, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры:
– Қазір біз оқушылардың білім деңгейі жағынан әлемдегі үздік отыз мемлекеттің құрамына кіреміз. Бұл жарыста да біздің оқушылар топ жарады деп сенемін. Өткен жылы біздің оқушылар екінші орынды иеленген болатын. Менің ойымша, біз тек оқушылардың мықты білімі арқылы ғана дамыған елу елдің қатарына қосыламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста