Жауын, бұршақ, жел - жұмаға арналған ауа райы болжамы

Жауын, бұршақ, жел - жұмаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Циклон және онымен байлысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, желдің күшейеді. Елдің оңтүстігінде шаңды дауылмен соғады. Тек еліміздің батысы, оңтүстігі мен шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында бұршақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының түнде оңтүстік-шығысында, күндіз солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл, солтүстігі мен батысында шаңды дауыл күтіледі, таңертең және күндіз солтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстік-шығысында, Алматы облысының шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с жетеді. Күндіз Алматы облысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда ​​облысының орталығында, Қарағанды облысының батысы мен шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

ҚазАқпарат.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста