Зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген кезде QR-код арқылы қол қоюға болады

Зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген кезде QR-код арқылы қол қоюға болады

Зейнетақы төлемдерін тағайындау мен деректемелерге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы өтініш берген кезде QR-код арқылы қол қоюға болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Ақпаратқа сәйкес, мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектікке байланысты БЖЗҚ-ға төлемдерді, ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алуға өтініш беріледі. Бұрын мұны БЖЗҚ кеңселерінде немесе enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасауға болатын. Енді ЭЦҚ-ны QR-кодпен қол қоюға ауыстыруға болады. Сондай-ақ, QR-код enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте өз деректеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу кезінде көмектеседі.

 

"Ол үшін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіру керек, мұнда көрсетілген қызметтерді таңдағанда "QR-мен қол қою" батырмасы қосылады. Қол қоюдың бұл әдісі eGov mobile интеграциясы негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан пайдаланушы осы қосымшаны ұялы телефонына орнатып, оған кіруі керек. "QR-мен қол қою" батырмасын басқаннан кейін Қор серверіне сілтемені қамтитын QR-код жасалады. Бұл QR кодты EGOV mobile ұялы қосымшасының көмегімен сканерлеу керек, оның жоғарғы оң жақ бұрышында QR кодтарын оқуға арналған белгіше бар", - делінген хабарламада.

 

QR кодты сканерлегеннен кейін қол қойылатын құжатты көрсететін терезе ашылады.

 

"Әрі қарай "Қол қою" батырмасын басу арқылы пайдаланушы құжатқа қол қоюды аяқтауы керек. Нәтижесінде "Қол қою сәтті аяқталды" деген хабарлама шығады", - деп мәлімдеді зейнетақы қоры.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста