Жетісу ауданында жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс істейді

Жетісу ауданында жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс істейді

Алматы қаласының Жетісу ауданында жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында арнайы топ құрылып, бірқатар жұмысар атқарды. Таяуда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша мобильді тобы Жетісу аудандық зейнетақы төлеу орталығында «Есіктен есікке!», «Парасыз болашаққа. Бірге!» деген ұрандармен қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың мәселесі, сұрақтары мұқият тыңдалды, кейбір ұсыныстары қабыл алынды. Тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, жер телімін алу құқығы, үй алуға есепке тұру, басқа да тұрмыстық мәселелерге қаттысты сұрақтар қойды.
Мобильді топ қатысушылардың барлығына жемқорлыққа қарсы күрестің мазмұны жарияланған жинақ кітапшалар таратты.
Осы кітапшаларда сыбайлас жемқорлыққа анықтама беріліп, осы құбылыстың себеп-салдары егжей-тегжейлі түсіндірілген. «Сыбайлас жемқорлық» түсінігі (латынша corruptio) — ақшаға сатып алу және саяси қайраткерлерді, мемлекеттік шенеуніктерді, лауазымдық тұлғаларды сатып алу дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық (лат.соrrumpere) біреуді ақшамен немесе басқа да материалдық құндылықтармен сатып алу. Рим құқығында «соrrumpere» түсінігінің мағынасы – жалпылап айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау», «параға сатып алу» және сот процесінде заңсыз әрекеттенуді білдірді. Нәтижесінде мақсаты - сот процесіне немесе қоғамдағы істерді басқару процесіне бөгет болатын, бірігіп әрекет жасайтын (екі адамнан кем емес) тұлғалардың әрекеті деген түсінік пайда болады. Ғылыми, оқу және қоғамдық публицистикалық әдебиеттерден сыбайлас жемқорлыққа әртүрлі анықтама алуға болады. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде сыбайлас жемқорлық пара беріп, сатып алу, лауазымды тұлғалардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады. Сыбайлас жемқорлық бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы. Сыбайлас жемқорлыққа: парақорлық, непотизм (жеке байланыстар, немесе «өз адамдары» негізінде туысқандарын пайдалы орындарға немесе лауазымдарға орналастыру) және жеке бас мүддесі үшін мемлекет қаржысын иемдену кіреді. Сыбайлас жемқорлық түсінігіне анықтама беруде әртүрлі көзқарастардың болуы осы құбылыстың өте күрделі мәселе екенін білдіреді және оны жан-жақты зерттеуді талап етеді. Біздің түсінігіміз бойынша сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық категория ретінде лауазымдық тұлғалар мен қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы үшінші тараптың мүддесіне зиян келтіре отырып, пайда алу мақсатында өз лауазымын пайдалану болып табылады. Ж.Қабылжапаров, Жетісу аудандық әділет басқармасының басшысы: – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар – мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттерге басты назар аударылған. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Содан бері мемлекеттік органдардың бақылау қызметтері қысқарып келеді, олардың жұмыстары бақылауға алынып, айқындығы қамтамасыз етілген, мемлекеттің экономика мен бизнеске араласуы кеміп келеді. Елбасы сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, сыбайластыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмалар берді. Осының нәтижесінде өзіне мемлекеттік қызметке өту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады.

Айнұр Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста