Жетісу облысының дәрігерлері шалғай аудандарға барды

Жетісу облысының дәрігерлері шалғай аудандарға барды

Талдықорған қаласындағы Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандық ауруханаларға барып, стационарлық ем қабылдап жатқан балалардың жағдайымен танысты. Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандық ауруханаларына барған дәрігерлер жағдайы ауыр пациенттерді емдеу әдісін бақылап, кеңес берді.

Аталған аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері Стыбаев Қамбар Дулатұлы:
-Біздің мақсатымыз - аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан кішкентай пациенттерге көмек көрсету және әріптесермен өз тәжірибемізбен бөлісу, кеңес беру. Пандемия кезеңінде тек zoom желісінде кеңес берсек, қазір тікелей пациенттің жағдайымен танысып, емдеуге мүмкіндік бар, - деді.

Анестезиолог-реаниматолог дәрігер Камбар Стыбаев тәжірибелі мамандардың бірі. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына арнайы шақыртумен келіп, жұмысқа кіріскен маман осы уақытқа дейін Алматы қаласындағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығында анестезия, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі болып 16 жыл қызмет атқарған.

Айта кетсек, Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бірқатар мамандары Қамбар Дулатұлының қатысуымен өзге де аудандық ауруханаларға баруды жоспарлап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста