Жезөкшелікке салынған қазақстандық қыздар: Арамызда тамырын кесіп, өз-өзіне қол жұмсағандар болды

Жезөкшелікке салынған қазақстандық қыздар: Арамызда тамырын кесіп, өз-өзіне қол жұмсағандар болды

Апта басында еліміздің ішкі істер министрлігі 38 қазақстан азаматшасы Бахрейн корольдігінде секс құлдықтан босатылғанын мәлімдеді. Біздің полицейлер бастап, интерпол қостап, аталған араб еліндегі біздің елшілік бар, жергілікті құқық қорғау органдарының күш салуымен адам саудасымен айналысқан тұлғалар тұтылған. Арнайы операция барысында жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүр болған қыз-келіншектер елге қайтарылды.

Олардың дені Түркістан облысынан. Әдеттегі сценарий. Жалақысы жоғары жұмыс деп жат жерге алдап апарады да құжаттарын алады да жезөкшелікке салады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 
"Күтіп алған кезде менің құжаттарымды қолына алып алды. Сосын біз қонақ үйге өтеміз. Қонақ үйге жайғастырғаннан кейін бұл кісі маған "Сенің құжаттарың менің қолымда болады. Мен сені сатып алғанмын деді. Менен кейін де тағы да алып барған, жөзекшелікке алып келіп, сатып, мәжбүрлегеніне куәгер болдым. Оның арасында кәмелет жасқа толмағандар да бар. Өздеріне-өздері қол жұмсап, ол жақтан шыға алмай, қиналып, тамырларын кескен жағдайлар болған", - дейді жәбірленуші.

"Кейбіреулерін сол жақта жезөкшелікпен байланысты емес жұмыстармен, тауып береміз деп уәде берсе, кейбіреулері біліп барған, жезөкшелікпен айналысатынын. Жәбірленуші келген бетте күдікті тұлғалар, яғни сол жақтағы сатып алушы тұлғалар сені бес мың, он мың он бес мың долларға сатып алдық деп сол суманы сол сумаға дейін мәжбүрлі түрде тегін жұмыс істеткізген", - деді ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті, аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Аманжол Тілеубердиев.

Қазір осы іс бойынша 19 адам күдікке ілініп, 15-і қолға түскен. Оларды Қазақстанға экстрадициялау жөнінде келіссөздер жүріп жатыр. Тағы үш күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Сондай-ақ соңғы екі аптада Біріккен Араб Әмірліктері және Түркияда жөзекшелікпен айналысқан тағы 6 қазақстандық келіншек анықталған. Олар жын ойнақ орнынан қашып шыққанымен елге жете алмаған.  Біздің дипломаттар тауып, Қазақстанға жеткізген.

Бұл сырттағы жағдай. Ел ішіндегі ахуал қандай? Соңғы бірнеше аптада пәленше қалада түгленше түнгі көбелек ұсталды деген ақпараттардан көз ашпадық.  Дәл қазіргі уақытта ел ішінде Жезөкшелікке мәжбүрлеу бойынша 138 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті 48 адамның айыбы дәлелденсе жаза арқалайды. Десе де осынау бір көне кәсіптің тиылар түрі жоқ сияқты болып көрінеді кейде? Неге? Себептер бар. 


"Мені 5 мың долларға сатып алды": Бахрейнде жезөкшелікке салынған қазақстандық бойжеткен көрген азаптары жайлы айтты


Ақтау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Нұр Сұлтан. Притон  яғни жын ойнақ орындары әшкереленді деген ақпараттардан көз сүрінеді.  

"Наурыз айында Стоп Трафик жедел алдын алу шарасы өткізіліп, Адам саудасымен байланысты 62 факті әшекереленді. Бұл негізінен жезөкшелікке мәжбүрлеу, жеңгетайлық пен жын ойнақ орындарын ұйымдастыру сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы және Ақтау қаласында құлдыққа салу жайттарының беті ашылып, жолы кесілді", - деді аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл Шынар Көшербаева.

2017 жылдан бері жылына жылына орта есеппен 200-дей қылмыстық іс қозғалады дейді ішкі істер саласының өкілдері. Жедел алдын алу шараларынан бөлек полицияның қырағы көзі ғаламтор кеңістігін де назарда ұстайды.   

"Біз ғаламтор желісін үнемі мониторинг арқылы қадағалап отырамыз. Жезөкшелікпен байланысты сайттар мен аккаунттар анықталса ол туралы мәліметті тиісті уәкілетті органға жолдаймыз. Олар шара қолданады, яғни бұғаттайды", - деді Шынар Көшербаева.

Ғаламторда жезөкшелер өздерін жарнамалап, аккаунтарын түзіп, қызмет ұсынатын қол жетімді ашық сайттар сайрап тұр. Міне қазір ашып отырмын. Шамасы полицияның назарынан тыс қалса керек.

Десек те олар мынаны анықтаса, онда бұл сайт қана бұғатталады. Ал ішіндегі жезөкшелерге жаза жоқ.

Көбелектерге  тек көшеде адамдарға көрінеу қызмет ұсынса ғана айыппұл бар. Ол әкімшілік кодекстің 449 бабымен көзделген.  Ал қазір интернет дәуірінде көшеде қайдағы жезөкше?  Мәселе қайда жатыр?   

Қазақстандағы тән саудасының тарихына қысқаша тоқталайық. 1987 жылы шілдеде  Қазақ КСР-де жезөкшелікке тыйым салынды. Яғни бойжеткен тән сатып тұтылса  айып арқалайды. Бірақ бұл жауапкершілік көпке созылмады. 2001 жылы тәуелсіз Қазақстан Аболиционистік елдер қатарына қосылды. Ол не? Аболиционизм. Адамдарды құлдықтан босату қозғалысы. Дәл осы сәттен бастап жезөкшелер заңға сәйкес енді жеңіл жүрісті қоғамға зиянкес элемент емес, құрбандар деп танылды.

"Жезөкшелікпен айналысқаны үшін бізде жауапкершілік қарастырылмаған. Халықаралық конвенцияларға сәйкес біз тек жезөкшелікке жегу мақсатындағы адам саудасы фактілерінің алдын алу және жолын кесумен айналысамыз. Яғни заң жезөкшелікті ұйымдастыру, оған адамдарды тарту арқылы пайдаға кенелетіндермен күресуге ғана бағытталған. Себебі халықаралық нормаға сәйкес жезөкшелікпен айналысатын тұлға  ол құрбан ретінде қарастырылады", - деді Шынар Көшербаева.

Мұны бәлки толеранттылықтың бір қыры деп қарауға болатын шығар. Мысалы бойжеткен ақша үшін жыныстық қатынасқа түссе оған тиым салатын заң жоқ, яғни қос тараптан келісім бар.  Демек бұл олардың жеке шаруасы-мыс. Ал егер үшінші тарап бас пайдасы үшін сол бойжеткенді  жыныстық қатынасқа мәжбүрлесе немесе соны ұйымдастыруға ықпал етсе онда жауапкершілік бар.

Заң не дейді? Қысқаша тоқталсақ. Қылмыстық кодекстің Адам саудасы бабында мүлкін тәркілеумен қылмыстың салмағына қарай түрме жазасы қарастырылған. Яғни жауапқа тартылатын жезөкше емес, тән саудасын ұйымдастырушы. Жезөкшелікке септесушілерге Әкімшілік кодексте келесі шаралар көзделіпті.

ҚР әкімшілік кодексінің 450-бабы. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық мақсатта үй-жайлар ұсыну.  
Жеке тұлғаға 100 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 150 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 300 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 АЕК көлемінде айыппұл. Егер қылмыс қайталанып жатса айыппұл сомасы өседі.  

Бұдан нені аңғарамыз? Өзін жазасыз сезінген соң оңай олжа іздеп бикештер қаладан қалаға көшіп қонақ үй жалдап, сауна жағалап тіршілігін жасай береді де. Бірақ 3 жыл бұрын блогер Жан Ахмадиев бұл жайтпен келіспей мәселені қамшымен реттемек болған.

Блогердің айтуынша қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңгетайлар мен қонақ үй иелерін ғана жауапқа тарту мәселеге шешім бола алмайды.

"Бұдан жезөкшелердің саны ешқашан да азаймайды. Ең бірінші жезөкшелердің өзімен күресу керек. Оларды қамшымен сабау керек. Бір бірлеп тұрып темір торға қамау керек", - деді Жан Ахмадиев.

Қазақстанда қанша жезөкше бар деген сұраққа нақты жауап жоқ. БҰҰ-ның  ВИЧ/СПИД жөніндегі арнайы бағдарламасының мәліметтері рас болса сонау 1997 жылдың өзінде Қазақстандағы әрбір 4-әйел ақша үшін жыныстық қатынасқа түскен. Абай атындағы университет жүргізген әлеуметтік сауалнамада сұралған қыз-келіншектердің 40 пайызы өмірінде бір рет болсын тәнін саудалағанын мойындапты.

"Барлық жезөкшелік жолға түскен қыздар бала кезінде зорлық зомбылық көріп таяқ жеп өскен терілік көру типіндегі қыздар", - деді психолог Серікгүл.

Психологияда адамдар психотипті сипаты бойынша 8-ге бөлінеді. Соның ішінде жаңағы терілік көру типіндегі тұлғалар дегеніміз ерекше сезімтал әрі қалауы өте жоғары жандар. Әсілінде бала өмірге келгеннен бастап оның қалауы яғни капризі жеткілікті орындалса сәйкесінше психосексуалды дамуы да дұрыс қалыптасады. Бұл табиғи құбылыс.  Әлгі сезімтал типтегі адамдарды бала жастан қатаң тиып, ұрып соғып тәрбиелесе, кері салдарға алып келеді.  

"Баланы жазалай бергенде бұл бала ары қарай пчихосексуалды өсуі, психологиясының дамуы тоқтайды да, бала ата ана ол үшін қауіпсіз қорғаныс иесі болып емес ата анасы бала үшін қауіптің негізгі көзі болып есептеледі.  Сөйтеді де бала ата-анасынан үзіледі психологиялық тұрғыда. Сөйтіп үзілген кезде даму тоқтайды. Осы енді пубертациялық жастан өтіп ересек адам болып өскеннен кейін, бұл осы тежелген психологиямен", - деді психолог.

Бұл белгілі бір дәрежедегі психологиялық сұраныс дейді маман. Ал егер осы сезімтал жандар отбасы мен қоршаған ортада жылылық пен мейірімділікке қалауынша бөленсе, бұлардан небір өнер адамдары, ғалымдар мен ойшылдар шығады. Жалпы бұндай психотиптегі адамдар әрбір қоғамда 5 пайыз ғана өмірге келеді екен.   

Сайып келгенде жезөкшеліктің түп тамыры әлеуметтік және тұрмыстық ахуал, отбасылық тәрбиеден бастау алады деп топшылауға болатын шығар. Бірақ демократиялық қоғамның басты реттеуші құралы заң емес пе? Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді деген халық нақылы осындайда ойға оралады.

Айта кетейік, бүгінде қыздарды жеңіл жүріске итермелеген қылмыстық топ ұсталып, олардан зардап шеккен 39 азаматша елге оралды. Олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста