Зиратты қорлап, сотталды
Өткен жылдың желтоқсанында Атырауда әулиелілігімен әмбеге аян болған Сары атаның зиратын қиратқан бұзақы ұсталып еді. 22 жастағы жұмыссыз Қуаныш Өтеғалиев есімді азамат тәртіпке шақырған құқық қорғау қызметкерлерін қаперіне де алмай, тіпті қолындағы балтасын қару қылған.
Бұзақы бұнымен қоймай, «Егер маған жақындайтын болсаңдар, өз-өзімді жарып жіберемін» деп те қорқытқан. Алайда «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері бұзақыны бәрібір қолға түсірді. Жақында осы оқиға бойынша облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот үкім шығарды.
Гүлнар Хаженова, судья:
– Сотталушы Қ.Өтеғалиев жасаған қылмысына өкінбеді және сот залында Құдайдың жалғыз екенін, адамдар ата-бабаларының зиратына табынбаулары керек екенін айтты. Оған 11 жыл бас бостандығынан айыру және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарылды.