Жойылсын, жұмыссыздық!
Қарағандыдағы iргелi жоғары оқу орындарының бiрi – Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетiнде дағдарысқа қарсы арнайы комитет құрылып, жұмыс жүргiзе бастады.
– Бiз бос жұмыс орындарын анықтау мақсатында әрдайым мәлiметтер жинастырып отырамыз. Ол үшiн аймақтағы үлкендi-кiшiлi фирмалармен тығыз байланыс орнатып, ақпарат алмасамыз. ҚарМТУ-дың кадрлар бөлiмi ең алдымен әке-шешесi жоқ немесе тұрмысы тұралаған отбасыдан шыққан студенттер үшiн осы оқу орнынан жұмыс тауып беруге тырысады, – дейдi аталмыш комитет төрайымы, университеттiң тәрбие iстерi жөнiндегi проректоры Ольга Бакбардина.
Қазiр Қарағанды облысындағы жұмыссыздар саны 46 мыңға жуық. Ал еңбекпен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркелгендер саны небары 600-700 адам ғана. Облыстағы ресми органдар ұсынып отырған бос жұмыс орындары туралы мәлiмет бойынша, қазiр Қарағанды атырабында 2500-ден астам вакантты орын бар. Сонда әлгi 600-700 жұмыссыздың әрқайсысына 3-4 жұмыс орнынан келетiн болғаны ғой. Бұған қарап, жұмыс таба алмай жүргендер мен жұмысшы таба алмай отырғандар неге ашық әңгiмелеспейдi екен деген сауал күн тәртiбiне қойылатын тәрiздi...