Зоотехник деген мамандық бар екенін неге естен шығардық?

Зоотехник деген мамандық бар екенін неге естен шығардық?

Мал дәрігерлері май шайқап жүретін бұрын. Бүгінде бұл мамандықтың жалынан ұстайтындар тіптен аз. Малдың соңында тепеңдеп жүруді кім тәуір көреді дерсіз. Нәтижесінде мал дәрігерінің тапшылығы туындап отыр. Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген сараң мәліметіне сүйенсек, облысқа бар-жоғы 1 273 ветеринар қажет болса, бүгінде 386 ғана ветеринар мал «майданында» тер төгіп жүр.
Аудандар аса қажетті маман тапшылығын тартып отыр. Талас ауданына 156 ветеринар қажет болса, онда 62 ғана мал дәрігері қызмет етуде. Байзақ ау­да­нына қажетті 133 дәрігердің 46-сы ғана жұмыс істеп жүр. Маман тапшылығының салдарынан, соң­ғы жылдары мал індеттері жиі белең алуда. Көктемде ғана Қордай мен Мойынқұм аудандарында ірі қа­раның аусыл ауруына ұшырағаны бұл мәселеге жіті назар аударуды қажет ететінін аңғартқандай-ды. Өткен жылы барлық аудандық әкімдіктерде мал­дәрігерлік бөлім ашылған болатын. Бөлімдерге де тә­жірибесі бар мықты мамандар қажет.
Тағы бір қынжылтарлығы, мал дәрігерлерінің дені зейнет жасына жақындап қалғандар. Ертеңгі күні олардың орнын кім басады деген сұрақтың туын­дары сөзсіз. Бұл мәселе облыстық әкімдік дең­ге­йіне дейін көтеріліп, былтыр жоғары және орта ар­наулы білім ошақтарында мал дәрігері маманда­рын даярлаудың 2011-2015 жылдарға арналған жос­пары жасалған болатын. Жоспар бар болғаны­мен, оны іске асыратын қаулының жоқтығынан ай­тыл­ған жерінде қалды. Әкімдік тарапынан облыстық эко­номика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ма­ман даярлауға қанша қаржы қажеттігін есептеп, облыс­тық бюджеттен қаржы бөлу туралы қатынас хат жолданғанымен, бұл мәселе түйіні тарқатылмаған күйін­ше қалды.
Есеп мамандарының санағына сүйен­сек, ветеринарларды даярлауға қажетті қаражат 619 миллионды құрайды екен. Өңірде мал мамандарын даярлайтын орта арнаулы оқу орындары жоқ емес, бар. Де­ген­мен олардың материалдық-техникалық базасы жарамайды. Құлан және Қордай ауыл шаруашылығы колледждерінде өңір­ге қажетті кіші санатты ветеринарлар даяр­ла­нады. Бірақ олардың материалдық-тех­никалық базасын жақсартуға 36 миллион тең­ге қаражат қажет. Бірақ дәл осы мәсе­лені аяғына жеткізуге ешкім құлық таныт­пады. Ақырында аяқсыз қалды. Кезінде облыс орталығындағы Тараз инновация­лық-гуманитарлық университетінің био­логия кафедрасы жанынан ветеринариялық бөлім ашу мәселесі қаралған болатын. Бір­ақ  материалдық-техникалық базасы­ның жоқ­тығынан тағы да шаруа шойырылып қал­ды. Ал Алматыдағы аграрлық уни­вер­с­итетте оқитын жамбылдық жастар тіп­тен аз. Олардың оқу бітіргеннен кейін де туған топырағына оралып тер төгуі не­ғай­­был.
Бесжылдық науқан бойынша, Алматы­дағы аграрлық университетте жоғары білімді 125, облыстағы екі ауыл шаруашы­лығы колледжінде орта білімді 475 маман даяр­лау жоспарланып отыр. Алайда бұл тағы да жоспар күйінде қалып кетпесе деген үрей бар. Сонда бес жылдың ішінде 650 маман даярлауға болады екен. Оған бүгін­де жұмыс атқарып жүрген 400 мал дәрі­герін қоссақ, мыңнан сәл ғана асады екен. Сонда тағы да жетіспейтін мамандар­дың орнын қалай толтырамыз? Бұл да күрмеуі кертілуі тиіс мәселелердің бірі.
Жуырда жамбылдық мал дәрігерінің жылқыға ота жасағанын бүкіл БАҚ біткен шулай жазды. Малға да ота жасалатынын көпшілік біле бермейді екен. Бұл тап бір сенсация болғаны рас. Сөйтсек, оның бә­рін де арнаулы оқу орындарында оқыта­ты­нын енді біліп жатқандар да бар. Облыс­тағы орта арнаулы ауыл шаруашылығы колледжінің  материалдық-техникалық базасы заман талабына жауап бере алмай­ды. Оқушылар төрт қабырғаға қамалып сабақ өтеді. Тәжірибеден өтпеген, тірі мал­ды ұстап көрмеген адам ертеңгі күні малды қалай сауықтырмақ? Кеңестік кезеңді тамсанып айта беруге де болмас. Дегенмен сол кезеңдерде экс-училище аталған оқу орнының тәжірибелік шаруашылығында 3000-ға тарта қой, 200 сиыр, 100 шақты жыл­қы болыпты.  Арнайы ветеринарлық клини­касы да болған. Онда терапиялық, хирур­гиялық, акушерлік бөлімшелер жұ­мыс істеген. Тіпті малдың тұқымына дейін мән беріп, әрқайсысынан төрт-бес тұқым­нан алын­ған. Ол кездері теориядан гөрі тәжірибеге көбірек көңіл бөлінген ғой. Оқудың басым бөлігі тәжірибе алаңдарын­да өткізілген. Болашақ ветеринарлар малға дәрі егуден бастап, қолдан ұрықтандыруды үйреніп, тіпті ота жасауды да көзбен көріп, қолмен үйренетін болған. Ал бүгінде тәжірибені ұмытып, теорияға басымдық беріледі. Өйтпеске амал да жоқ. База мүмкіншілік бермейді. Тәжірибе көрмеген, базалық мүмкіндігі төмен оқу орнында оқыған студенттердің білім сапасы күмән тудырмай ма? Олардың дені ертеңгі күні малды «лечить» етудің орнына «колечить» етіп жүрмей ме? Бұл да ойландырарлық, оңтайлы шешілуі тиіс мәселе. Бірақ қа­шан?
Оспан БЕРДИЯРОВ, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің бастығы:
 – Мал дәрігерлерінен мұқтаждық тартып отырғанымыз рас. Былтырға дейін «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына ауылға ең қажетті мамандық – мал дәрігерлері енбей қалған болатын. Мамандардың табандап тер төгуінің арқасында ветеринарлар тізімге енгізілді. Енді жоғары оқу орнын бітірген түлектердің ауылға көптеп бет бұратынына үміттіміз. Бүгінде зейнет жасына жақындап қалған зоотехниктерді алмастыратын жас буын, әрине,  керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста