Жүрегі ізгі жандармен өмір жеңіл

Жүрегі ізгі жандармен өмір жеңіл

Жүнісова Назгүл Болатбекқызы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы филиалы Түрксіб аудандық фронт-офисі басшысының орынбасары. Салада жұмыс істеп жүргеніне 6 жылдың жүзі болыпты. Жұмысты филиалдың кадр бөлімінен бастаған ол, күнделікті жұмысы қайнап жататын Мамандандырылған ХҚО-да инспектор, одан әрі бөлім басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Осы жылдың басында аудандық фронт-офис басшылығын тәжірибе алмасу мақсатында бір-бірімен ауыстыру үдерісімен Түрксіб ауданына барған.


Назгүл Болатбекқызы мұнда да әдеттегі белсенділігіне басып, ұжымның қызмет көрсетуден басқа да қосымша қоғамдық жұмыстарын мойнына алды. Қимылды, ұмтылысты, тіршілікті жақсы көретін ол, Алматыдағы ЖОО-лар мен колледждерде, мекемелер мен ұйымдарда цифрлық қызмет алуды үйрету жұмыстарына кірісті.Аптасына 3-4 мекемені межелеп, оқытулар мен акциялар ұйымдастырып жүргенде, еліміз карантинге тап келді.
Енді, ол өзінің достарымен еріктілер ұйымын құрып, қалталарынан қаражат шығарып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге кірісті.


Әзірге тізімінде 15 отбасы бар. Әрқайсысына отбасы мүшелерінің санына қарай азық-түлік апарып беруде.
«Мұндай іс әрқайсымыздың азаматтық борышымыз ғой. Осындай қиын кезде бір-бірімізге қол ұшын созып, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандардың аз да болса қажетіне жарасақ, біздің миссиямыздың орындалғаны», - дейді Назгүл.
Иә, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Назгүл сынды жүрегі ізгілікке толы, дем беретін, рух пен күш беретін қайырымды жандар тұрғанда, еліміздің басындағы ауыртпалықты да оңай еңсеретініміз сөзсіз.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста