Журналистерге арналған қалалық «Мың бояулы қала – Город тысячи красок» байқауының ЕРЕЖЕСІ
I. Жалпы бөлім
1. Журналистер арасында өтетін қалалық байқауы (бұдан әрі – Байқау) «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» аясында өткізіледі.
Байқаудың мақсаты журналистер қауымын Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының жүзеге асырылуын, Алматы қаласының бүгінгі тыныс-тіршілігін жариялауға тарту, сондай-ақ журналистердің шығармашылық әлеуетін ашу және оларды ынталандыру болып табылады.
2. Байқаудың міндеттері:
• Әкімдік пен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты арттыру;
• Журналистер назарын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының, Елбасының Бес институционалдық реформасының іске асырылу барысын жариялауға аудару.
3. Жеңімпаздарды анықтау және дипломдар тапсыру «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесімен сабақтастырылады.
4. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
5. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік жіне қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала әкімдігінің қызметкерлері кіре алады.
Байқау комиссиясы сыйлық алуға талпынушылар мен дипломдар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
• материалдардың объективтілігі;
• кәсібилік және мазмұндай шеберлігі;
• мәселенің қойылуы және оны жан-жақты ашып көрсету;
• материалдар туғызған қоғамдық резонанс;
• жұмыстардың шығармашылық толымдығы;
• көтерілген мәселелердің өзектілігі және шығармашылық талдануының тереңдігі.
7. Байқауды өткізуді үйлестіру.
Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру Алматы қаласы әкімідігінің жанынан құрылған ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.
8. Ашықтық.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткерлерге, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.
II. Байқауға қатысу шарттары
9. Байқауға қатысушылар.
Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ-тар мен журналистер шақырылады.
10. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының, Елбасының Бес институционалдық реформасы, Елбасының алға қойған көкейкесті міндеттерінің жүзеге асуы туралы, сонымен қатар, Алматы қаласының әлуеметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірі мен жеткен жетістіктері туралы материалдар қабылданады.
2017 жылғы 1 қаңтардан 2017 жылғы 15 маусымға дейін жарияланған (жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері, түрлі жанрлардағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және тағы басқалар) немесе эфирге шыққан материалдар, қабылданады.
11. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс. Материалдардың MS Word форматындағы электронды нұсқасы міндетті түрде болуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.
Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.
Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 20 маусымы (алынатын күн).
Ұсынылатын материалдарға БАҚ пен журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ақпараттық материалдар тізімі қоса беріледі.
12. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.
Бір БАҚ не журналист ұсынатын материалдардың саны 5-тен аспайды.
13. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
III. Байқаудың өту кезеңдері
14. Алғашқы кезең.
Республикалық және жергілікті БАҚ-та байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады және баспасөз конференциясы өткізіледі.
15. Байқау материалдары байқауды Ұйымдастыру комитетінің мекенжайына 2017 жылғы 15 маусымға дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.
16. Қорытындылау.
Жеңімпаздарды жариялау келесі жеті номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады::
1. Үздік телевизиялық сюжет;
2. Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым;
3. Үздік радиоматериал;
4. Ақпараттық агенттіктер ленталарында жарияланған үздік жарияланым (интернет-ресурстар);
5. Әлеуметтік желілерде жарияланған үздік жарияланым (блогерлер материалдары);
6. Үздік фотоматериал;
7. Үздік инфографика.
IV. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы
17. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.
V. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
18. Ұйымдастыру комитеті:
• байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;
• қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
19. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
• барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
• байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
• байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
VI. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері
20. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:
• байқауға түскен материалдарға баға беру;
• жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.
21. Байқау комиссиясының міндеттері:
• барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
• байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу;
Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.
VII. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
22. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:
• байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
• ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;
• байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.
23. Байқауға қатысушылардың міндеттері:
• байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
• осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
• осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
24. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:
• материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
• осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен рәсімдеулерді сақтамағаны үшін.
VIII. Медиа ресурстар
25. Байқауға ақпараттық қолдау жасауды әкімдіктің медиа-ресурстары мен ақпараттық серіктестіктері қамтамасыз етеді.
IV. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
26. Байқауды ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы.
Байқауға материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, каб. 501, 509, тел. 2716648, 2729727, smi@uvp.almaty.kz, smi-dvp@mail.ru.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу