Журналистиканың телқоңыры академик атанды

Журналистиканың телқоңыры академик атанды

Алаштың ақпарат айдынында өзінің айшықты орнын тапқан «Алаш айнасы» республикалық газетінің бағындырған белестері, жеңісті һәм жемісті сәттері аз болған жоқ. Басшысы білікті басылымның мерейі үстем болары сөзсіз. Журна­лис­ти­ка­дағы 25 жылда телеарнаның тарланы, мерзімді басылым майталманы болып танылған газеттің бас редакторы Серік Жанболат Қазақстан журналистика академиясының академигі атанды.
Кеше Қазақстан Журналистика ака­де­­миясының президенті Сағымбай Қозы­баев бастаған Валерий Жан­дәу­ле­тов, Ұлықбек Есдәулет, Нұртөре Жүсіп, Шәмшиддин Паттеев, Самат Ибраим, Сергей Апарин сынды академиктер редак­цияға арнайы келіп, басылымның бас редакторы Серік Жанболатқа академик төсбелгісін табыс етіп, ыстық лебіздерін білдірді. «Қазақ журналис­тика­сында таны­мал, шоқтығы биік «Айқын» және «Алаш айнасы» газеті секілді қос басы­лымның алғашқы кірпішін қалап, аяғынан нық тұрғызып, кіл мықты журна­лис­терден құралған шығар­­машылық ұжымды бас­қару бақыты Серік Жан­бо­латтың бағына бұйырды. Секең осы бақытты бастан-аяқ баянды ете білді», – деген Сағымбай Қозы­баев оның отан­дық медиа­да мем­ле­кет­шілдік туын биік ұстап, қоғам қай­раткері ретінде жаңа­шыл, креативті батыл қадам­дар жаса­ғанын атап өтті. «Жұлдыз» журна­лының бас ре­дак­торы ақын, Мем­ле­кет­тік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет ағамыз Серік Жан­бо­лат­тың телеарна мен күн­делікті басы­лым­ның жүгі мен жауап­кер­шілігін тең ұстаған басшы ғана емес, сазгер­лік, әншілік, бишілік қы­рын, ұлт­тық өнер­тану саласындағы және санадан мәні мен мағынасы ұмыт бола бастаған қазақ­­тың ілкі салт-дәстүрлерін жаң­­ғыр­тудағы ізде­ністері туралы айтып өтті.
Журналшы әулетінде туып-өскен Серік Жанболат уни­верситет қабыр­ға­сында жүргенде Қазақ теле­ди­да­рының жастар редакциясында студенттердің «Ақиқат» пікірталас клубының тізгінін ұстады. «Хабар» агенттігі алғаш ашылған кезде «Сәлем, Қазақстан» таңғы ойын-сауық бағдарламасының продюсері бол­ды. «Үш сұрақ», «Тайбурыл», «Жеті күн» ақпа­рат­тық-са­раптамалық, «Көк­пар» ток-шоу бағ­дар­ла­ма­ларын жүргізді, «Жігіттің сұл­таны», «Қыз сыны», «Үкілі үміт» бай­қаула­рын ұйымдастырды. Серік Жан­болаттың қолтаңбасынан шыққан Шәкәрім Құдай­бердіұлы, Мұқағали Мақа­таев сынды Алаштың бір­туар тұлға­лары туралы деректі фильм­дерді көрер­мен жылы қабылдады. Эстрада жұл­дыз­да­рының репертуарында Серік Жан­­­бо­­латтың ондаған әнінің орын­да­лып жүргені оның көбіміз біле бермейтін ән­шілік пен сазгерлік қырын көрсетсе керек. Биыл «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы С.Жанболат ҚР Президентінің сый­лығына ие болды. Отандық жур­на­листиканың Мұрат Әуезов, Серік Әбді­райымов, Ұлық­бек Есдәулет, Владимир Рерих, Дариға Назар­баева, Сейдахмет Құттықадам сынды 50 ірі тұлғасы кіретін Қазақстан Журналистика акаде­миясы құрамында Серік Жанболаттың академик атануы басылым үшін де үлкен мәртебе деп білеміз. Танымал журналист, пуб­ли­цист, мәдениет қайраткері Серік Жанбо­лат­қа ұжым аты­нан шығармашылық табыстар мен баянды бақыт тілей­міз!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста