Жылқылармен бірге жуынбаймыз!

Жылқылармен бірге жуынбаймыз!

Астана циркінің көптеген өнерпаздары мен қызметкерлері бұрынғы бастықтарының қайта оралуына қарсы. «Өнерді құрметтемейтін, адамдармен тіл табыса алмайтын мұндай басшының қол астында істегенше, бәріміздің өз еркімізбен арыз жазып, жұмыстан кеткеніміз артық», – деседі өмірін циркке арнап келе жатқан өнерпаздар мен жас жұлдыздар.
Мұндай мәлімдемені кеше Астанадағы Ұлттық бас­пасөз орталығында цирк өнерпаздары мен қыз­меткерлерінен құралған наразы топ жасады. Жур­на­листер алдында сөз алған олар мәселені арыдан қозғады: 2005 жылы жаңадан ашылған Астана цир­кі барлық мүмкіндіктерімен, жан-жақты бағдар­ла­малары арқылы көрерменін тамаша қойылым­да­рымен тамсандырып келген. Бірақ өнер ордасының мұндай баянды сәті Астана циркінің негізін қалаушы, елімізге белгілі цирк өнерінің жұлдызы Балтабек Жұ­мағұловтың тұсында ғана болыпты. «Ал 2006 жылы Астана циркінің бас директоры болып Өмір­бек Исабеков келген соң, берекеміз кете бастады»,– дейді «Африкалық арыстандар» аттракционының жетекшісі Мұрат Өселбаев. Олардың ары қарайғы уәжіне құлақ түрсек, Өмірбек Тазабекұлы цирктің дамуы мен өркендеуіне еш үлес қоспаған. Тіпті жаңа киімдер тіктіре алмаған өнерпаздар қойылым барысында ескі костюмдерімен, ол жарамаса, өз­дері сатып алған киімдерімен өнер көрсетуге мәж­бүр бо­лыпты. Ешбір гастрольдік сапарлар ұйым­дастыр­ма­ған. Соның салдарынан көрерменсіз қал­ған бос зал­дар тек сырттан келіп өнер көр­се­тушілердің жал­ға алатын орны қызметін ғана ат­қарумен шектел­ген.
Қысқасы, көрерменге жаңа қойылым ұсынып, үлкенге де, балаға да қуаныш сыйлаудың орнына цирк ұжымының арасында өзара қайшылықтар пайда болған. Оның айқын көрінісі ретінде 2007 жылдың өзінде басшылықтың қысымымен цирктен 100 адамның жұмыстан шығуына тура келіпті.
Оның айтуынша, циркті жалға беру мен ойын қою кезінде түскен қаражаттың да қайда кететіні белгісіз, ақша цирктің есепшотына түспейді екен. Оны бас есепші Атира Әмірова да растап отыр. Ал цирктің «Сарыарқа» деген атпен өнер көрсетуші тобының жетекшісі Қабылбек Күнғожин өздерінің жуынатын орны жоқ болғандықтан, аттарға арналған душқа жуынып келгендерін айтады. Ол енді Өмірбек Исабеков қайта келсе, тағы да жылқылармен бірге жуыну қаупі туа ма деген алаңдаушылығын жасыра алмайды. Ақыры, кейбір қаржылық мәселелерге байланысты қатаң тексерулер нәтижесінде Ө.Исабеков те цирк басшылығынан алы­нады. Бірақ баспасөз мәслихатын өт­кі­­­зу­­ші­лер­дің айтуынша, сотта оның та­ла­­бы оң шешіліп, қайтадан цирктің ди­рек­­­тор­­лығына келгелі жатыр екен. «Біз оған бүтіндей қарсымыз, онымен жұ­мыс іс­теу мүмкін емес», – дейді олар. На­ра­зы топ Исабековтің орнына келген қа­зіргі директор Бекболат Байсағатовтың бас­шылық еткенін қалайды. «Айналасы екі ай­дың ішінде ол цирктің ісін оңға бастырып үлгерді, соның әсерінен ұжымда жұмысқа деген қызығушылық пайда болып, нағыз цирктің өмірі орнады» деген уәж айтады өнер­паздар.

Цирктегі материалдық-техникалық ба­­заның әбден тозығы жетіпті. Оның дә­­лелі ретінде Мұрат Өселбаев арыс­тан­­дарды қамайтын торлардың әлде­қа­­шан тозығы жеткенін мәлім етті. «Оны бір­неше рет өзім дәнекерлетіп қой­дым. Егер күндердің күнінде тор те­мір­лер үзі­ліп, не сынып, арыстандар сырт­қа шы­ғатын болса, қанша адамды аран­дай ау­зына тоғытатыны белгісіз», – дей­ді арыс­тан­дар­мен өнер көрсетуші аза­мат.

Жоғарыдағы жағдайлардың бә­­­­­­­рі – тек бас­пасөз мәслихатын өт­­­кі­­­­­зу­ші топ­­тың келтірген уәжі. Біз қар­­­­­сы жақ­­тың да айтарын тың­дау­­­­­ды жөн көрген едік. Өкінішке қа­­­­рай, Ө.Иса­бе­ков мырзамен тіл­де­­­­су мүм­­кін бол­­мады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста