Жылқыны алғаш қолға үйреткен қазақтар екенi дәлелдендi
Британ ғалымдары жылқы малын ең алғаш болып қазақтар қолға үйреткенiн дәлелдеп шықты. Қамбар ата тұқымының жалын бiздiң халық 5500 жыл бұрын-ақ тартып мiнiптi.
Зерттеушiлер елiмiздiң солтүстiгiн мекендеген ру-тайпалардың ат баптағанын айғақтайтын жәдiгерлер тауып отыр. Олардың қатарында қымыз құятын ыдыс қалдықтары мен малдың сүйектерi бар. Бұған дейiн жылқы малын қола дәуiрi адамдары ең алғаш мiнген делiнетiн. Ендi британдық мамандар көк түрiктiң ұрпағы – жаужүрек қазақтың қола дәуiрiнен тура мың жыл бұрын атқа отырғанын дәлелдеп бердi. Қасиеттi жылқы малының қазақтың көнеден келе жатқан тұрмысының басты бөлшегi екенi жайлы материал кеше Ұлыбританияның Science журналында жарияланды. Ендi күпшек санды күреңдерiмiз бен арда арғымақтарымызды ешкiм өз мәдениетiне тели қоймас.