Қазнетте қой болып маңыраған әскерилер туралы ролик жарияланды

Қазнетте қой болып маңыраған әскерилер туралы ролик жарияланды

Интернетте әскери формасы бар адамдардың бұйрық бойынша қой кейпіне еніп, еңбектеп жүргені түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әскерилер дыбысзорайтқыш арқылы әмір беріп тұрған бір адамның айтқанын екі етпей орындайды.

Facebook желісіне бұл видеоны Гузелечка Бакиева есімді қолданушы "Это просто необъяснимо" деген атаумен жариялады. Шын мәнінде, әскери киімдегі адамдардың ісі біртүрлі көрінеді. Қырыққа таяу әскери еңбектеп қана жүрмейді, сонымен бірге, отар қойдың дауысын да салады. Бұл әрекет олардың командирінің бақылауында болады. Ол бірнеше рет "Дауыстарыңды шығарыңдар!" деп айқайлайды. Видеоролик 40 секундқа созылады.

Видеоға қатысты жазылған пікірлерде Facebook қолданушылары мұның қазақ армиясында болатыны айтылған - олардың пікірінше, әскерде жүргендерге осындай іс жасататын көрінеді. "Мұнда дембельдер жастарға осылай жасатады. Шекарада болған жағдай шығар. Ата (дед) жастарды бір жаққа апара жатқанда бұл көрініс малшы мен малдың кетіп бара жатқанын еске түсіреді...", - деп жазды қолданушылардың бірі. Тағы бірі роликтің Қазақстанда түсірілгеніне сенімді екенін жазған: "Бұл біздің мақтаулы армиямыз, қыздар", - деп жазды ол. Материал дайындалып жатқан кезде роликті 4 мыңнан астам көрді, 65 қолданушы видеоны одан әрі таратты.

Tengrinews.kz тілшісі бұл роликтің мән-жайын анықтау үшін ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Бірақ ведомство өкілдері, видероликті көргеннен кейін оның Қазақстан әскеріне ешқандай да қатысы жоқ екенін мәлімдеді. "Бұл видеороликтің кейіпкерлері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскерилері емес. Бұл туралы мына жағдаяттардан білуге болады: әскери киім мен айырым белгілері Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен әскери киім мен айырым белгілеріне сәйкес келмейді. Кейіпкерлердің сыртқы көрінісі ҚР Қорғаныс министрінің ҚР Қарулы кұштері үшін бекіткен Әскери киім кию мен айырым белгілерін тағу ережелеріне сәйкес келмейді. Видеороликтегі әскерилердің тәртібі ҚР Қарулы Күштерінің, ҚР өзге жасақтары мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғыларына қайшы", - делінген ведомствоның ресми түсініктемесінде.

Айта кетейік, Қазақстан әскері келісімшарт жүйесіне өтіп жатыр. Қазіргі уақытта келісімшартпен қызмет атқаратын әскерилердің саны ҚР Қарулы Күштерінің жалпы санының 74 пайызына жетті. Жыл сайын олардың саны төрт-бес мың адамға көбейіп отырады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста