Батыл барлаушы

Батыл барлаушы

Бұл кісі 1903 жылы Көкшетау облысына қарасты Степняк қаласында (қазір Ақмола облысында) дүниеге келген екен. Ауыл балалары сияқты ат жалын тартып мінгеннен бастап колхоз жұмысына араласады. Кейін, яғни 1936 жылы Қазақ педагогикалық институтын тарих-география ма¬мандығы бойынша бітіреді.
Әскерге Балқаш қаласындағы №2 қазақ орта мектебінде мұғалім болып істеп жүрген кезінде, соғыс басталардан бұрын аттанып, барлаушылар отрядында болған. Ұрыстың алғашқы күнінен бастап майдан даласында қан кешеді. Сан рет қауіп-қатерге бастарын тігіп, бораған оқтың астынан «тіл» әкеліп жүреді.
Бір жолы барлаушылар сым қоршаудың жанына жақын келіп орналасады. Олар бұл жерге екі шақырымдай жерді жер бауырлай еңбектеп отырып жетеді. Бұған дейін олар жаудың бекінісін күндіз-түні бақылаған болатын. Ату орнын, гитлершілердің көрінетін жерлерін анықтап қойған. Қар үстінде жатып өздерінің жақындайтын жолдарын белгілеген. Бөлімше командирі, аға лейтенант Рожнов бақылауға өзі басқару жүргізіп, жау бекінісіне кезекті шабуылдың жоспарын өзі жасаған болатын.
Жауынгерлерді жанына жинап алып, тапсырманың жауаптылығын, өте абай қимылдау қажеттігін, бірақ жылдам әрекет ету керектігін қатты ескертті.
Немістердің ДЗОТ-ына ең бірінші болып Қалманбай Көшім¬баев жақындады. Парторг Көшім¬баев осы жолы да батылдығы мен жаужүректігін көрсетті. Фашистердің апанына жақындаған сәтте ол граната лақтырды. Ыңырсыған және айқайлаған дауыстар естіл¬ді. Жанындағы ДЗОТ-тан барлау¬шыларға жау пулеметінің оғы борап кетті. Көшімбаев оған да граната лақтырып үлгерді. Барлаушы нысанаға дәл түсірген екен – жау пулеметінің үні өшті.
Көшімбаевтың артында еңбек¬теп келе жатқан басқа да барлаушылар алға ұмтылды. Бірнеше минуттан соң олар бір ДЗОТ-тан екіншісіне қарай еңбектеп жетіп қалған бір фашисті байқайды.
– Тірідей ұстаймыз! – деп ай¬қай салады Көшімбаев.
Қызыл әскер Мырзахметов жыр¬аға секіріп түсті. Неміс штыгымен жасқап, одан әрі жылжи берді. Сол кезде жыраға секіріп түскен Көшімбаев оны автоматтың дүмімен басынан соғып, есінен тандырды да, аузына қолғабын тығындады. Сөйтіп, қос жауынгер бөлімшеге «тіл» алып оралды.
Оның батыл барлаушы болғандығын айғақтайтын материалдар сарғайған қағаз беттерінде сақталыпты. Фото суреттер альбомының бір бетінде газеттің екі кесіндісі жапсырылған екен. Оның жоғарғы жағындағысында былай деп жазылған: « Әскери кеңестің бұйрығы. 7 қараша 1942 жыл. Әрекеттегі армия. Майданда неміс басқыншыларымен күрескені және ерлік көрсеткені, командованиенің әскери тапсырмасын үлгілі орын¬дағаны үшін КСР Одағы Жоғарғы Кеңесі президиумының атынан Әс¬кери кеңес мыналарды марапаттайды:
Қызыл Ту орденімен
1. Сержант Көшімбаев Қал¬манбай.
2. Қызыл әскер Мырзахметов Спатай.
Әскери кеңес».
Осы ерлік туралы майдандық газеттің 1943 жылғы Жаңа жылдық санында арнау өлең басылыпты. Соның бір шумағы Қалекеңе арналады:
– Мы язык немецкий знаем,
Он для нас весьма знаком.
За ночь храбрый Кошумбаев,
Овладел их «языком», - деп жырлайды А.Сотников деген ақын.
Соғыстан оралған соң Балқаш қаласындағы №2 мектепте қызметін қайта жалғастырады. Кейін мектеп директоры болып, сол қызметте 60-шы жылдардың аяғына дейін, зейнеткерлікке шыққанша еңбек етеді.
Альбомның енді бір бетіне оқушысының ескерткіші жапсырылыпты. Онда былай деп жазылған: «...Бұл уақыт адам баласының өміріне күн орнына түн орнатқысы келген, 1941 жыл мен 1945 жылдың арасындағы фашизмнің жан тәсілім бергенге дейінгі арпалыса соғысқан тарихи кезеңі еді. Мінеки, осының салдарынан ойлаған ой, алға қойған мақсат жайына қалып, жас та болсам колхозда еңбекке араласып, балықшы болып істеп, снаряд орнына неміс фашизміне балықпен төбесінен ұруға атсалыстым.., – деп оқушы өзінің жоғары оқу орнына түсіп, өмірден өз орнын тапқысы келетіндігін жаза келіп: – Менің өмірге құлаш ұрып, өмірге жол ашуыма аянбай еңбек етіп, сапалы білім, саналы тәрбие бергеніңіз үшін сізге көптен-көп рахмет айтам.
Ескерткіш берілді мектеп директоры Көшімбаев Қалекеңе.
Жазушы өз оқушыңыз Сүйменбаев Мұқажан.
5 шілде 1949 жыл» деп аяқ¬таған екен. Бұл жолдардан мектеп директоры болған, ұстазы Қалманбайға деген шәкіртінің шынайы сезімін байқаймыз.
Өмірін мектепте ұстаздықпен өткізген, зейнеткерлікке шыққан соң Қарағанды қаласында тұрып, 1979 жылы 76 жасында дүниеден өткен, Қалекеңнің ұрпақтары әр түрлі салада еңбек етіп жатыр. Ұлы Марғұлан көп жыл Қарағанды экономикалық университетінде доцент болды, экономика ғылым¬дарының кандидаты еді, Мағау¬ия Қазақстан Ұлттық банкі Қарағанды облыстық филиалын басқарды. Бұлар қазір бақилық болған. Қыздары Мағираш та жоғары білімді экономист. Қара¬ғанды қаласында тұрады.
Батыл барлаушы Қалекеңнің немере-шөберелері өсіп жатыр. Олар өз аталарын мақтан тұтады.

С.АҚБАЕВ.

ortalyk-kaz.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста