Майдангер Әзілхан Нұршайықовтың Сәбит Мұқановқа жазған хаты

Майдангер Әзілхан Нұршайықовтың Сәбит Мұқановқа жазған хаты

«Сәбит аға! Сізге қазақ жігіттері дұғай-дұғай сәлем жолдайды.
Біз қазір жат өлкеде жау жеріндеміз. Дұшпанды өз ініне әкеп тықтық. Қазір оны ін ішінде жою, біржола құрту, қирату үшін Берлин қақпасының аузын қандатып, қаласының алдын шаңдатып, найзамызды көкірегіне тіреп тұрмыз.
Кеше Тухель деген қаланы алдық. Сол үшін Москва бізге төртінші рет салют берді. Бұл Отаннан аз уақыттың ішінде төртінші рет алған алғысымыз. Дивизиямыздың даңқы артып, туы жеңіс шұғыласына бөленуде. (Буг - Наревтағы бекінісінен жауды қуып шыққанымыз үшін, Торуньді алғанымыз үшін, Тухельді алғанымыз үшін - осы төрт кезеңдегі жауынгерлік зор табыстарымыз үшін дивизия Жоғары Бас Командованиеден төрт алғыс алды).
Өзіңіз көрген Мусин Қабыш жараланып кетті. Оқиға былай: барлаушылар взводының командирі лейтенант Жаңаберген Әлімбаев 10 адаммен барлауға шығып, 400-ден артық фашистің қоршауында қалады. Оның ішінде Мусин де бар. Бұлар жаумен екі сағат соғысып, оларды өздеріне жақындатпайды. Барлаушылардың оқтары бітуге айналады. Әбден сасады. Бұлар жүзден артық фашисті өлтіреді. Не де болса берілмеске бел байлайды. Мусин мен Әлімбаевтың қолдарында танк қирататын не бары екі ғана граната болады. Олардың оқ дәрісінің біткенін сезген дұшпан алға жүгіреді. Әлімбаев пен Мусин жаудың ең қалың жеріне қолдарындағы гранаталарын лақтырып, жағдайды пайдаланып кейін шегінеді. Көпке топырақ шашсын ба, ал жау бұлардың бесеуін атып жығады. Алтыншы болып Мусин құлайды. Оның сол жақ иығынан оқ тесіп өтеді.
Майшинов те барлаушы болатын. Осы Тухель қаласын алғаннан кейін, соның терістік батысында шамамен төрт километр жерде арақ заводына барлаушылар шабуыл жасады. Кішкентай шабуылдан кейін барлаушылар атакаға көтеріледі. Майшинов, Леонов, Соловьев деген барлаушылар жаудың  жатқан жеріне алдымен барып келеді. Майшинов пұшпақта жаудың тығылып тұрған танкісіне тура қарсы кеп қалады. Майшинов шегінбестен оң қолымен беліндегі танк қирататын гранатаны ұстап, тұп-тура танкке қарсы жүреді. Танк пулеметтен оқ атып, біздің жаяу әскерге қатер төндіреді. Танктің астына түссем де, оны жояйын деп ұйғарады Майшинов. Бірақ ол танкке жетпей құлап түседі. Ол беліндегі гранатқа жармасқанда пулеметтен атылған оқ оның гранатты қапсыра ұстаған қолына тиеді. Гранаттың сабы быт-шыты шығып ұшып кетеді, оң жақ кеудесінен екі оқ қатар тиіп, тесіп өтеді. Иегі жараланады.
Сол күні от басында, кешқұрым, зеңбірегімнің жанында күнделікті дәптеріме бірнәрселер жазып жатыр едім, біреу «Әзілхан бар ма?» - деп айқай салды. Кімнің дауысы екенін айыра алмай, «бармын» дедім. Қарасам Тәкең екен. Жағын таңып алыпты. Жаралы екенін білдім. Сол қолын беріп амандасты. Оң қолы жаралы екенін тағы білдім. Бал қосып қантпен шай ішкіздім. Жау жеріне келгелі бал, қант сияқтылар біздің қолда. Дүние-мүлік шашылып жатады. Оған ешкім қарамайды. Содан кейін оны санбатқа қарай шығарып салдым.
Бұл туралы көбірек жазып отырғаным, ол сізге сәлем айтуды көп өтініп еді.
Ағажан, хат күтемін. Хош сәлемет болыңыз.

1945 жылғы 18 февраль
Әзілхан Нұршайықов».
Қазақ ССР Орталық мемлекеттік архиві,
ф. 1634, оп. 1, д. 90, 54-бет. Түпнұсқасы.


Материал «Сәлем саған майданнан, Қазақстан!» (1975 жыл, Алматы) дерек көзінен алынып берілді.

Әзірлеген - Серік Әбілхан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста