ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ БЕТ АЛҒАН КӨШ НЕМЕСЕ ЖАҢА МИГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТАН ҰТАРЫМЫЗ НЕ?

ОҢТҮСТІКТЕН СОЛТҮСТІККЕ БЕТ АЛҒАН КӨШ НЕМЕСЕ ЖАҢА МИГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТАН ҰТАРЫМЫЗ НЕ?

Әлемдік геосаяси оқиғалардың Қазақстандағы ұлттық саясатқа оң ықпалын тигізіп жатқанын айтуымыз керек. Ол елдегі демографиялық және ұлттық дисбалансты жою мақсатында жасалып жатқан жаңа миграциялық саясат. Жалпы Елбасы Қазақ елінің ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған тұлға деп айтуымызға толық негіз бар. Ол 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алысымен шетте жүрген бауырларына сауын айтты. Өтпелі кезеңнің өліара шағына қарамастан, шетте жүрген қандастарының өз еліне келуіне, олардың Атамекенінің гүлденіп-көркеюіне үлес қосуына, қиын-қыстау кезеңдерде, әртүрлі тарихи факторларға байланысты (шекаралардың күшпен бөлінуі, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі, аштық жылдарында көршілес мемлекеттерге жаппай қоныс аударуы) шет жұртта қалған қазақтардың отанына оралуына жағдай жасады. Әрине, көбі қазақтың тарихи атамекенінде отырған шетелдегі 5 миллион қандасымызды жаппай көшіріп алу мүмкін емес екендігі рас. Дегенмен, осы 23 жылда Атажұртқа табан тіреген ағайынның саны 1 миллионға жуықтапты. Оның 20 жылдағы табиғи өсімі тағы бар. Соның арқасында елдегі 17 миллион халықтың 11 миллионнан астамы қазақ ұлтының өкілдері. Бұл дегеніңіз титулды ұлттың үлес салмағы – 65 пайызға жетіп отырғандығының айғағы.

2002 жылы Түркістан қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егерде, қазақтардың Қазақстандағы үлес салмағы 70 пайыздан асатын болса, елдегі тіл, ұлттық саясат мәселелері өздігінен-ақ шешілетін болады» деген болатын. Содан бері де, бір мүшел өтті. 70 пайызға жетпесек те, жете жығылып жатырмыз. Алайда біздің соңғы жылдары ескермеген тағы бір проблемамыздың басы қылтиды. Ол – елдегі демографиялық дисбаланс. Қазақстан халқының 70 пайызы оңтүстік 5 облыста шоғырланған. Солтүстік облыстарда қазір еңбек күші тапшы. Жыл сайын бірнеше ауылдың түтіні өшеді, картадан жоғалады. Дәл осы түйткіл Қазақстан үкіметінің алаңдауына негіз болды. Сөйтіп былтырдан бері қазағы да, адамы да аз Солтүстікті адаммен толтырудың амал-айлалары жасала бастады. Осыдан біраз уақыт бұрын сенатор Светлана Жалмағамбетова солтүстік облыстардағы адам санының аздығынан жабылып жатқан ауылдардың проблемасын айтып дабыл қаққаны есімізде.

Содан көп өтпей, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен «Тұрғындардың электронды картасымен» таныстырған Денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері бағдарламаның үш түрлі бағытта сипат алатындығын айтты. Біріншіден, солтүстік облыстың оқу орындарынан оңтүстік түлектеріне арнайы 1000 білім-грантының бөлінетіндігін және оңтүстіктен солтүстікке барғысы келетін мамандарды ынталандыру, үшіншіден, шетелден келетін қандастарымызды – Солтүстікке орна­ластыруға арналған ар­найы әлеуметтік көмектердің қарасты­рылатындығын мәлімдеді. Қазіргі жоспар бойынша, солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінен 300 мыңдай адамды қоныстандыру көзделіп отыр. Оның сыртында алыс-жақын шетелдерден келетін қазақтарды да осында жіберу көзделген.

Көптеген ақпарат құралдары, соның ішінде орыстілді, ресейлік және шетелдік ақпарат құралдары Қазақстанның бұл қадамын Украинадағы геосаяси оқиғалардан кейін, Ресейден қорыққанынан жасап отырған амалы деп қабылдауда және сондай үгіт таратуда. Алайда бұл идеяның бастауы – 2013 жылдың қазан айына дөп келеді. Сол кездегі сенатор Светлана Жалмағамбетованың жанайқайы – бірінен кейін бірі жабылып жатқан ауылдар жайында еді. Жалпы, елдегі жағдайда баға бере отырып, оңтүстіктің халқын солтүстікке шоғырландыру мәселесінің күн тәртібіне бүгін шықпағанын аңдаймыз. Алматыдан Астанаға жол тартқан елорда көшінің басты мақсаты да осы еді. Еліміздің оңтүстігінде орналасқан Алматының жанға жайлы климаты да, өзге де жағымды факторлары да бас қаланы қысы қатал Ақмолаға көшіруге бөгет бола алмады. Өйткені бұның астарында ерекше геосаяси бағыт болды. Елдің халқын, әсіресе халқы тығыз орналасқан оңтүстіктегілердің солтүстікке үдере көшуіне жол ашу – басты мақсат еді. 1989 жылғы санақ нәтижесі бойынша, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында славян ұлтының үлес салмағы 70-80 пайызды құраған болса, 1999 жылы олардың үлес салмағы 50 пайыздан аспайтындай дәрежеге жетті. Бұл ретте Елбасы Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісін көре алғандаймыз. Президент Астананы Ақмолаға көшіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге әкімшілік-аумақтық реформаларды жасау арқылы да өңірлердегі дисбалансты жоюға біршама әрекет етті.

Қазақстан билігінің солтүстікке қазақтарды көптеп қоныстандыруды басты мақсат етуіне ықпал еткен факторларды жоққа шығармаймыз. Бұл тарих сахнасына қайта пайда болған жас мемлекетке үлкен сабақ болған еді. Сол себептен де Елбасы шеттегі қандасына үндеу тастады. «Келе алмасаң саған серт, шақыра алмасам маған серт!» дегендей еді ол Үндеу. Алғашқы жылдары оралмандардың құқықтық, әлеуметтік проблемаларының аса қиындықпен шешілгені белгілі. Тек соңғы он жылда оралмандарға азаматтық беру, тұрақты тіркеу сынды мәселелер өз шешімін тапқандай болды. Осы жылдар аралығында шеттен келетін отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері де белгіленіп, құқықтық мәселелері де біршама жолға қойылды. Әзірге әлі күнге өз шешімін таппай тұрған мәселе – оралмандардың тұрақты тіркелуі мен азаматтық алу мәселесі. Заң жобасы әлі дайындалу үстінде, ал Парламентке келіп түскен жоқ. Биыл жыл соңына дейін осы мәселені біржақты етеміз деген Үкіметтің уәдесі сөз жүзінде қалмаса болды.

Сондай-ақ, заң жобасында баса назар аударатын мәселе – астықты өлке солтүстік облыстарға оралмандардың баруын ынталандыратын баптар. Онда Қазақстанға келген қазақтардың барлығы оралман куәлігіне қол жеткізе алады. Алайда Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген 7 облыстан өзге өңірлерге барушыларға арнайы жәрдемақылар қарастырылмаған. Ал, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына баруға ниет еткендерге – жол шығыны, бір жолғы жәрдемақы және қызметтік пәтер қарастырылып отыр. Ол жеңілдіктерге ие болу үшін оралмандарға қойылатын талап біреу – қоныстанған мекенінде ол 5 жыл отыруы тиіс. Бес жылдан кейін көшуге ниет етсе, қызметтік пәтер де, басқа да жеңілдіктер де өзіне тиесілі болады. Дәл осындай жеңілдіктер оңтүстіктен солтүстікке бет алған қызметкерге де, солтүстіктің оқу орындарын тәмамдап, сонда қалуға ниет еткен оңтүстіктік жас түлектерге де тән. Тек осы игілікті пайдаланып, елдің дамуына үлес қоса білу қажет.

turkystan.kz
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста