Қалтаның жұқалығы асқазанды ауырлатып тұр

Қалтаның жұқалығы асқазанды ауырлатып тұр

Әлем елдерінің тамақтану үрдісіне зерттеу жүргізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «қазақстандықтар тойып тамақ іше алмай жүр» деген қорытындыға келіпті. Себебі, ДДҰ есебінше, жер бетіндегі әрбір адам жылына 960 келі азық-түлік өнімін тұтынуы тиіс. Ал отандас­та­ры­мыз белгіленген бұл мөлшерден әлдеқайда аз өнім тұтынады екен. Атап айтқанда, 722 келі. «Ас – адамның арқауы» десек, сан түрлі азық-түлік пен қалаған нәрсеңді ішіп-жеудің денсаулық үшін пайдасы зор екені анық.

 

Айтпақшы, аталмыш халықаралық ұйым еліміздегі ашқұрсақ жүрген ағайын­ның қай топтың өкілдері екенін де анық­тапты. Яғни еліміздегі әлеуметтік аз қам­тылған отбасылар, зейнеткерлер мен студенттер, балалар мен жүкті әйелдердің жеткілікті түрде тамақтана алмауымен қатар, олардың дастарқандарында әр түрлі азық-түлік өнімдерінің жоқтығын да есепке алған. Демек, жүкті әйелдің неге қаны аз, бала­ларға ауру неге үйірсек деп дау­ры­ғуымыз бекер емес. ДДҰ тізіп берген аш­құрсақ жүрген топқа көз салсақ, олар – шәкірт­ақысы мен зейнетақысы басына тартса, аяғына жетпейтін зейнеткер мен студент, әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері. Яғни олар қалтасында ақшасы болса, асқазанынан ештеңені аямас еді. Сондықтан олардың «жегізбесім жегізбейді» күйге түсуінің сыры белгілі секілді.
Ал тойып тамақ ішпегендердің түрлі эпи­демиялық науқастарға шалдығуы күшейетіні сөзсіз. Осы орайда аз тамақтану мен сапалы тамақтанбаудан еліміздегі бала­лар денсаулығының күрт төмендеп кеткені де жасырын емес. Сондай-ақ елі­міздегі халықтың 65 пайызы йод тап­шылығынан зардап шегіп, осы жетіс­пеушіліктен туындайтын зоб, қан аздық ауруларына шалдыққан. Сондықтан күнделікті тұтынатын тағамдар арасында йодтың мол болуын қатаң қадағалап отыру қажет. Әйтпесе йодтың жетіспеушілігі салдарынан ағзаның түрлі ауруларға душар болуы жиілейді. 

Айқын ӘМІРОВА, эндокринолог: 
– Біз әрқашан тағамдар арасында йод­тың мол болуын қатаң қадағалап отыруымыз қажет. Өкінішке қарай, халқымыз тек қарын тойдыруды ғана ойлайды. Ал аузына салған әрбір тағамының денсаулыққа пайдалы, құнарлы болуын ойлай бермейді. Негізі, йод тапшылығынан туындайтын аурулардың тарттырар азабы мол. Соңғы кезде балалар арасында қан аздық, бойдың өспей қалуы, яғни олардың кеш жетілуі секілді дерттер жиілеп кетті. Мұның бірден-бір себебі – жейтін тағамдарымыздың құрамында йодтың жетіспеушілігінен. Сондай-ақ бұрын зоб аурулары жасы келген адамдар арасын­да көп кездессе, бүгінде кішкентай балалар арасында да белең алып барады. Себебі өмірге бала әкелетін аналарымыздың өзіне йод жетісе бермейді. Ал анасының бойын­дағы жетіспеушіліктердің бала бойынан да табылып, дерт болып жабысары сөзсіз. 
Айта кетер жайт, еліміздегі аяғы ауыр әйелдердің 85 пайызы қан аздық ауруынан зардап шегеді. Ана бойындағы қан аздық салдарынан өмірге келген сәби де түрлі ауруларды ала туады. Ал мамандар «жыл өткен сайын аурулар жасарып барады» деп дабыл қағуда.

Бақыт ТҮМЕНОВА, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:
– Сәбилеріміздің іштен ауру болып тууы тікелей анасының денсаулығына бай­ланысты. Бала көтерген әйелдің ішіп-жемі неғұрлым құнарлы болуы керек. Сондықтан біз мемлекет болып аяғы ауыр әйелдің дұрыс ішіп-жеуін, құрсақтағы сәбиінің анасынан керекті дәрумендерді ала алуын қадағалауымыз қажет. Мәселен, адамға берері мол еттің бағасы күн өткен сайын қымбаттап барады. Ал ауылдағы аналарға жеміс-жидек, көкөніс арман десе бол­ған­дай. Ендеше, аналарымыз ағзасына керекті дәрумендерді қайдан алады? Егер келешек ұрпағымыздың денсаулығы дұрыс болып, болашағымыз жарқын болсын десек, аяғы ауыр әйелді бала көтерген күнінен бастап ай сайын азық-түлігіне арналған арнайы жәрдемақы тағайындап, қамқорлыққа алуымыз керек.  

Сондай-ақ бүгінде отандастарымыз тез дайындалатын қытайлық тағамдарды арзан деп жиі тұтынады. Шын мәнінде, дәрумен­дерден жұрдай қытайлық арзан тағамдар­дың денсаулыққа пайдасынан гөрі, зияны көп екеніне мән бермейді. Мамандар қытайлық арзан лапшалардың денсаулыққа зиянды екенін қанша айтып жатса да, халық «арзанның сорпасы татымайтынын» ескерер емес. Себебі кез келгеннің қалтасы қазы мен қартаны кертіп жеп отыруды көтере бермейді. Осылайша, халқымыздың қалтасының жұқалығы асқазанға салмақ салуда...
«Алаш айнасының» мұрағатынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста