ҚАРАҚАН БИДІҢ МӨРІ ҚАЙДА?

ҚАРАҚАН БИДІҢ МӨРІ ҚАЙДА?

 Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылындағы Шыңғыстауға саяхат жасаған бір оқушылар бір сүйектің буынынан жасалған мөр тауып алып, оны өздерінің мұғалім апайына береді.
Мөрдің беті төрт бұрыш болып жасалған, онда арабша жазылған жазу барын байқаған мұғалім ескіше білетін үлкен кісілерге көрсетіп, оқытып алады. Өзіқан, Қарақан деген жазудың бары анықталыпты.

Өзіқан мен Қарақан деген кім? Ел ара­сында бұл аз сөз болмайды. Бұл әңгіме Се­мей қаласында тұратын 87 жастағы Дә­мелі Дүйсенбайқызына да жетеді. Дәмелі апай Өзіқан мен Қарақан өзінің үлкен атасы екендігін бала күнде әкесінен естіген­діктен, Құндыздыдағы мұғалімге барып жолығады. «Қарақанның шөбересімін» деп таныстыр­ған апай мөрді көзімен көргісі келетіндігін айтқанда, мұғалім «Алматыдағы мұражайға өткіземін» деп бермей, мөрдің таңбасын ақ қағазға көшіріп береді. Қағазға басылған мөрді апай Аягөз қаласындағы арабша оқитын бір ақсақалға оқытқанда, ол «ХVІІ ғасырда қалмақтың соғысынан кейін жұрт малбасы өсіп, жағдайлары жақсарған соң, Балқашқа, Шыңғыстау өңіріне қоныс­тан­ған. Бірақ бұрынғы жергілікті жердің адам­дары олардың кіруіне жол бермегеннен кейін жерге талас туындаған. Сол кезде Шыңғыстаудың биі болған Қарақан халық­ты тоқтатып, жерді бөліп берген. Қарақанда мөр болған» дейді. Ал Семейдегі орталық мешітіндегілер де мөрдегі жазудың дұрыс­ты­ғын растаған. Кейін Дәмелі апай Алма­тыда еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Мал­ғажыұлына да мөрдің таңбасын көрсе­тіп оқытады. Бас мүфти жазудың дұрыс­тығын сараптап беріпті. Үлкен әжейдің бұл ізденісі бір қарағанда жай нәрсе болуы мүм­кін, алайда мөрдің тарихқа қатысы барын растап, өзі Қарақанның шөбересі екенін және мөр бидікі екені заңдық тұрғыда рас­тала ма екен деген оймен жүргізгенін жет­кізді.

 

– Біздің ең үлкен атамыз – Ергөбектен Шектібай. Шектібай ел ауызына іліккен батыр адам болыпты. Батырдың әлі күнге дейін сақталған кісесі бар. Қалмақтың соғысынан кейін ел есін жиып, өз жеріне қайта қоныстанады. Осы кезде Шектібайдан туған Аққозының баласы Қарақан Шың­ғыстауда би болып, елдің қоныстануына өзіндік үлесін қосады. Сырттан келгендерге жер беріп, қамқорлық жасаған. Әр іске әділ төрелігін айтқан. Сол төрелікке би болған соң мөрін басқан. Ол заманда жер мен жесір дауын билер шешіп отырғаны белгілі жағ­дай. Қарақан атамыз Ақсуатқа кеткенінде, біреулер бір ағайын адамды өлтіріпті. Соның құнын даулап барғанда, Қарақан биге олар өздері кінәлі екенін сезіп, адам­ның құнына бес қыз берген деген әңгіме әлі де айтылады. Бірақ би «алмаймын» десе де, бес қыз беріп жіберіпті. Сол бес қыздың арты­нан тағы екі қыз еріп келген. Оның біреуін үлкен әкемізге берсе, біреуін Ата­қанға, қалған үшеуін де жақын туысқан­дарымызға, тағы бірін жақын туысқанымыз алыпты. Соның бірі – Кемелхан шешеміз еді. Ол шешеміз кейін қайтыс болды. Қарақан атам 90-нан асып, жүзге келіп, алжып өлген деп әкеміз айтып отыратын. Өзі батыр, еңгезердей денелі адам болған. Ірі қара малдың сүйектерін қолымен бырт етіп сындырып отыратынын әкем айтатын. Атамыз көзі тірісінде атасы Шектібайға үш жүзге сауын айтып, жүз қара мал сойылып, ас берген. «Шектібайдың асы бар, Жүз қара­­лы басы бар. Балаларыңды ала кел, Қоржындарыңды сала кел» деп жар салып, жан-жаққа ат шаптырған. Қарақаннан – Темірхан, Намазхан, Өзбехан және Өзіхан туады. Темірханнан менің әкем Дүйсенбай туады. Мөрдегі Өзіхан – Қараханның баласы. Мұны көп адамдар білмеуі мүмкін. Өзімнен өсіп өнген балаларымнан 20-дан астам немере және шөбере сүйіп отырған әжемін. Оларға аталарымыздың тарихын айтып, түсіндіріп те жүрген жайым бар. Міне, табыл­ған мөр сол Қарақан мен Өзі­қан атамдікі екені даусыз. Себебі ата­ла­рымыз дәулетті бай болып, кәмпіскелегенде үйін­дегі көп мүліктері жоғалып, тоналып кет­кенін кейін білдік. Осындай жағдай біздің жетінші атамыз болып келетін Ақтамберді батыр жыраудың да басында болды. Ақтам­бердінің арғы аталары Бөрі, одан Бөлтірік туады. Бөлтіріктен Сақадам, Сары. Сары­дан Ақтамберді туған. Оның баласының атын Сәнжі деп қойған. Балам сәнді бала болып жүрсін деп қойыпты. Сәнжіден Есім, Нұрмағамбет туады. Есім­нен Мұстахит, Төлетай, Нұрбай есімді ба­ла­лар туады. Біздер – жыраудың алтыншы ұрпағы­мыз. Ата-бабаларымыз Аягөзге 52 шақырым жетпей­тін Қоңыр шаулы, Ақ шау­лы деген тауды мекен еткен. Тауда Сән­жінің баласы Есім­нен тарайтын Мұстахит­тың қыстауы және Жантұқтың тұрған то­шаласының (ту­ған үйі) тұрған орнын жол­­да­сымыз екеуміз көр­генбіз. Оның жар­ты метрлік іргесі сақталған еді. Тошала тас­тан жасалған. Таудың ортасында мөлдіреп су ағып, ол Ай деген өзенге құятын. Осы жер­де Ақтамберді батыр­дың ұрпақтары тұрды. Батырдың жауға аттанарда киетін сауыты күні бүгінге дейін сақтаулы, оны қыстаудың маңындағы тауға жасырып тығыпты. Оны Ақтан­бер­дінің ұрпағы бо­лып келетін Сәлима деген әйелдің ағасы Қарамендінің Шәкер деген баласы таудан тауып алады. Сандықтың ішінен сары шәугім мен алақандай кішкен­тай Құран кітабы шыққан. Кейін Батыр деген азамат «Ақтанбердіден сақталған заттар бар ма?» деген соң, Сәлимадан Құран кітапты сұрап алып бердім. Кітапта оны оқыған адамдар­дың аттары жазылған. Батыр кітапты «Ал­маты мұражайына өткіземін» деп алып кетті. Міне, біздің ата-бабаларымызға қа­тыс­ты осындай тарихи заттар болды. Бірақ оны ел білмей жатқаны көңілге қаяу әкеледі, – дейді Дәмелі апай

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста