Қыздар неге қатыгезденіп барады?

Қыздар неге қатыгезденіп барады?

Бәрімізде ұл-қыз өсіріп отырмыз. Тіршіліктің қамын күйттеп жүріп, үйдегі қызымыздың түздегі қылығына мән бермейтінімізді несіне жасырамыз? Бүгінде жұрттың бәрі ақша қуып кетті десем артық айтқандық емес. Нәпақа табудың өзі қиын болып бара жатыр. Ат төбеліндей шенеуніктер байыған үстіне байып жатыр да, ауыл, қаланың басым көпшілігі кедей тұрады.

Кедейдің қызы тіршіліктің тауқыметін тартып базарда жүр, жақсы киінуі керек, оқуына төлеуі керек, ал байдың қызы барын шашып, түнгі клубтарда жын-ойнақ салып жүр десем, тағы да артық айтқандық болар еді. Кедейдің қызы да кербезденіп, ұшарын жел, қонарын сай біліп жүргені шындық. Сонда дейміз, тастанды балалар көбейіп, қыздарымыз шеттерінен қатыгез болып бара жатыр ма? Әлде, күл-қоқысқа шаранасын тастап кете беру ата-бабамыздан қалған «игі дәстүр» ме еді? Туған перзентіне тасбауыр көкек аналардың кесірінен жетімдер үйінде өсіп жатқан балалардың тағдырына жаның ашығаннан басқа қолдан келер не бар дейсіз? Ащы шындық қой. Атам қазақ жетімін қаңғыртпаған, жесірін тентіретпеген халық. Солай бола тұра, «қатты дамып» кеттік пе, білмеймін, тастанды балалар күннен күнге көбейіп бара жатқаны алаңдатады. «Пәлен жерге туыпты да, тастап кетіпті, шаранасы өліп қалыпты е полиция тауып алып, ауруханаға жеткізіпті!» деген хабарға елең етпейтін болғандаймыз ба? Шай үстіндегі әңгіме сияқты. Шыны керек, бұл дегеніңіз тек жеке бастың емес, қоғамның қасіреті, трагедиясы десем қос қолыңызды жоғары көтеретініңіз айдан анық. Бала жарық дүниеге келмей жатып қатігездікке ұрынбауы керек. Оның бақытын ұрлап, тағдырын тәлкекке салмауымыз керек.

Үлкендер баланың ішкі сырына көңіл бөле бермейді. Деректерді сөйлетсек, республика бойынша 46000 мың ата­-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар тіркелген екен. Жетімдер жөніндегі бейресми деректерді сөйлетсек, жыл сайын елімізде 100 мыңнан астам бала ата­анасы бола тұрып, олардың қарауынсыз қалуы, қатыгездігі салдарынан көше кезіп кетеді екен. Демек, қаңғыбас балалар қатарын толтырады деген сөз. Өткен жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалар мен қарттар үйлеріне тапсырылғандардың өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген болатын. «Жыл сайын елімізде 1500 бала жетім қалады, олардың көбінің ата-анасы тірі әрі сау болып жатады. Қазір Қазақстанда 34 мыңға жуық жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған бала бар. 194 мыңға жуық баланың дамуы шектелген, біздің қолдауымызға зәру. 7000-нан астам адам қарттар үйінде тұрып жатыр, олардың көбінің денсаулығы жақсы, табысты балалары бар. Қарияларды орналастыру үшін балаларының қарттар үйіне ақша беруі әдетке айналды», - деді Мемлекет басшысы «Мерейлі Отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында.
«Қарттар үйлеріне барған кезде түрлі адамдарды көремін. Ең қызығы – бұл қарттарды баспанамен, тамақпен, медициналық қызметпен және ойын-сауықпен қамтамасыз ете отырып, мемлекет оларға зейнетақы да береді. Ол зейнетақыны аларда қариялардың балалар мен немерелері пайда бола кетеді. Міне, біз осыған да жеттік!» - деп ашынды Назарбаев. Одан әрі Елбасы:
«2015-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын жасау керек. Ол қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен болатын барлық кешенді жұмысты қарастыруы тиіс. Президент Әкімшілігі мен Үкіметке екі ай мерзім ішінде осындай ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді.
Шын мәнінде, елімізде қарттар үйі мен жетім балалар үйлерінде бос орын жоқ. Әсіресе, Шымкентте, Жамбылда, Алматыда тастанды балалардың жиі көрініс беруі алаңдатады. Бір ғана Алматы қаласының өзінде жетім бала саны үстіміздегі жылы 1439-ға жетіпті. Бірақ, бұл да нақты көрсеткіш емес. Мұның ішіне тұл жетімдер саны да кіріп кетуі мүмкін. Өткен ғасырдың аяғында жұрт Мейрамбек Беспаевтың «Бозторғай әнін тыңдаудан жалықпайтын. Қандай зарлы ән еді... Бала Мейрамбектің жүректі жылатар осы әнін бүгінгі көкек қыздарымыз, қатыгез, тәрбиесіз, надан қыздарымыз біле ме екен?
 
Бозторғай, бозторғай
Айналайын жыл құсым,
Аман-есен жүрмісің.
Ала таңнан шырылдап,
Қуантқалы тұрмысың.
 
Қанатыңды кердің бе,
Қияндардан келдің бе?
Жетімекпін мен неге,
Анамды сен көрдің бе?
 
Қатпа қара баламын,
Тағдырыма наламын,
Анамды іздеп әр таңда,
Аңсап әнге саламын.
 
Бір ашылмай қабағым,
Неге жетім қаламын.
Мүмкін емес болмауы
Мені туған ананың.
 
Бозторғай, бозторғай
 
Ана сүтін ембедім
Құшағына енбедім
Аймалаған аялы
Алақанын көрмедім.
 
Туғаным жоқ, тумам жоқ
Менде қызық-думан жоқ.
Қырға шығып бала боп,
Көбелек те қуғам жоқ.
Шешем болса,
келмей ме,
Баласын бір көрмей ме,
Мейірлене құшақтап,
Өрік-мейіз бермей ме.
 
Торғай екеш торғай да
Балапанын қорғайды.
Ана безсе баладан,
Бәрінен де сол қайғы.
 
Бозторғай, бозторғай
 
Көңіл-күйі кетілген
Сен де мендей жетім бең
Еркелетіп еш пенде
Сүйген емес бетімнен.
 
Тереземді ашайын,
Алдыңа жем шашайын,
Мұңымды айтып өзіңе
Мауқымды бір басайын.
 
Жаралаған жас жанды,
Азапты өмір басталды.
Керегі жоқ ешкімге,
Болғаным ба тастанды?
 
Тас жетім боп қалғаным,
Туа біткен арға мін.
Бір иіскесем анамды,
Болмас еді арманым.
Енді «Қыздар неге қатыгез?»деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Біріншіден, отбасында тәрбиенің жоқтығы. Тағы да қайталап айтқым келеді, күнделікті күйбек тіршіліктің әуресімен жүріп, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтіндер көбейді. Қазекем «Баланы жастан» деп бекер айтпаған, қызыңыз өсіп, бойжеткен соң, ақылыңызды жүре тыңдайды, тіпті, күле тыңдайды. Сіз оған тым «данышпан» болып көрінесіз. «Ой, мам, мораль оқымаңызшы!» деп беттен ала кететін қыздар осындай тәрбиесіздіктен өсіп-жетіледі.
 Екіншіден, үйдегі берекесіздік. Күнделікті ұрыс-керіс те қыздың қитығына тиеді. Әкесі арақ ішіп келіп, аузына келгенін «оттап» жатса, шешесі бажылдап, небір ұятсыз сөздерді төпелеп жатса, қыздары қайда бармақ?
Үшіншіден, қыздардың ортасы нашар болса, онда небір көргенсіздіктің орын алатынына кәміл сене беріңіз! Құрбылары темекі шегіп, арақ-шарап ішіп, небір былапыт сөздерді айтып, түнгі клубтардан, жігіттермен қыдырып, кафелерден шықпайтын болса, қызыңыздың құрығаны...
 Төртіншіден, жігіттерге де байланысты. Барлық кінәні қыздарға аудара салуға да болмайды. Қызыңыз тәртіпті дейік. Ортасы да жақсы. Бірақ небір жылпос жігіттер бір күндік «қызығына» бола «күйдім, сүйдім, саған үйленемін» деп алдайды да, арғы жағы белгілі ғой, бой тасалап кетеді. Сосын пәктігінен айрылған қыз не істейді? Егер аяғы ауырлап қалса, ұяттан өртеніп, ата-анасына айта алмай, құрбысымен сырласа алмай, ішін буып, жасырын күй кешеді. Ақырында жасырын босанып, шарананы күл-қоқысқа тастауға дейін барады. Өзінің жауапкершілігін сезінуден қалады. Заңның да өзін айналып өтпейтінін естен шығарады.
Мәселен, өткен жылы өз баласын қоқысқа тастаған 16 жастағы анаға бостандығын бір жылға шектеу жазасы берілгенін Астананың Алматы аудандық прокуратурасы хабарлады. Атырау облысында туған 16 жастағы қыз өзінің жүкті болғанын білгеннен кейін «ах» ұрып, колледжге оқуға түсуге және аяғы ауыр екенін туыстарынан жасыру үшін Астанаға тартып кеткен. Тергеу амалдары бойынша қыздың мезгілі жеткен кезде үйде босанғанын анықтады. «Түн ортасында жалға алған пәтерінің жуыну бөлмесінде қыз ешкімнің көмегінсіз, сап-сау қыз баланы босанған. Баланы бағу керек екенін ұғынғаннан кейін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сәбиді полиэтилен пакетке салып, тұрғын үйдің жанындағы қоқыс контейнеріне тастай салған, оның өміріне қасақана қауіп тудырған. Құдайдың қарасқанын қарасаңызшы, сол түні қоқыс контейнерлері жанынан өтіп бара жатқан ерлі-зайыпты нәрестенің жылаған үнін естіп, жақындай түседі. Қараса, шарана жатыр екен! Дереу полицияға хабар береді. Табылған сәби «суық тию» диагнозымен қалалық балалар ауруханасына жеткізіледі. Көрер қызығы бар сәбиге кейін оны өлімнен құтқарып қалған ерлі-зайыптының фамилиясы берілді.
 Міне, көрдіңіз бе, қазақ қыздары қалай қатыгез болып барады десеңізші?! Шаранасын пакетке салып жатқанда да жүректері дір етпейді! Және көбінесе, 16 жастағы кәмелетке жетпеген қыздар жеңіл жүріске ұрынып, ақырында аяқтары ауырлап, ішке біткен «пәлесінен» (өздерінің ойынша) тезірек құтылуға асығады. Қысқасы, қыздарға қырық үйден тыйым болмай, мәселе бұдан әрі күрделене бермек.

adiletgazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста