Рейхстагты нысанаға алған зеңбірекші Олжағали Сұлтанғалиев туралы не білеміз?

Рейхстагты нысанаға алған зеңбірекші Олжағали Сұлтанғалиев туралы не білеміз?

Сексеннің сеңгірінен өтіп, тоқсанға аяқ басқан ардагер ақсақал Олжағали Сұлтанғалиевтің соғыс жылдарындағы майдан жолдары қайран қалдырады. Фашистік Германия әскерлерімен талай шайқастарда бетпе-бет келіп, талай ауыр күндерді басынан өткізген ақсақал туралы жазғанды жөн санадық.

Гурьев облысына қарасты Плотовин ауылдық кеңесінің Еркін қала ауылында дүниеге келген ол ер жеткен сәттен бас-тап мұғалім болуды армандаған. Елге қызмет етіп, балаларды оқыту үлкен мәртебе еді. Сол мақсатпен Гурьевтегі педагогикалық училищені бітіріп, Орджаникидзе атындағы орта мектепте математика пәнінен сабақ беріп жүреді. Ұстаздық өмірдің қызығына енді батып, өз арманының орындалғанына разы көңілде жүргенде соғыс басталды.
Гитлердің басқыншылық әрекеті әр отбасын, әр адамды бей-жай қалдыра алмады. Ел басына күн туған сын сағатта қылшылдаған жас жігіт үйде жайбырақат қала алмайтын еді. Қайта-қайта сұранып жүріп, мектебімен қоштасып, 1942 жылдың қаңтар айында әскерге аттанды.
Бұларды алдымен Орынбор облысының Бузулук станциясы маңындағы Александровка деген жерде тұрған 650-ші артиллерия полкіне әкелді. Алғашқы әскери даярлық жүріп жатқан бір күні Ленинград артиллерия училищесіне оқуға жіберілетін бір топ жауынгер іріктелініп алынады. Солардың қатарында Олжағали Сұлтанғалиев та бар еді.
Ол кезде Ленинград училищесі соғыс жағдайына байланысты Башқұртстанға, Белорецк қаласына көшірілген еді. Олжекең сол оқу орнын жедел бітіріп, лейтенант шенімен 17-ші артиллериялық дивизия құрамына жіберіледі.
Сосын жауынгерлік майдан жолы бұларды Ленинград түбіне алып келді. Қоршаудағы қаланы құтқару үшін арпалысқан күндерде жас лейтенант өз взводының қандай шепте тұрса да жанқиярлықпен соғысуына ұйытқы болды. Содан әскери тактикалық амал-айлалар жасап, жылжи-жылжи Воронежге жеткен бұлардың бөлімдері шаһарды алу үшін болған кескілескен ұрыстарға қатысты.
Адам баласы басына салса, бәрін де көреді екен ғой. Олжағали қызмет ететін бөлім Курск доғасындағы әйгілі шайқастың бел ортасына түскен. Екі жақтан темір тажал – танктер мен ұшақтар қатысқан, зеңбіректер зікір салған орасан зор аждаһа оттың аузында ет пен сүйектен жаратылған адамның жүруі басқа симайтындай. Нағыз тозақтың өзін сонда көрді.
Курск доғасы Кеңес әскерлерінің үш ірі стратегиялық операциясын біріктірген. Ол – Курск қорғанысы, Орел, Белгород-Харьков шабуыл операциялары. Кеңес қолбасшылығы алты майдан әскерін, партизандарды және алысқа ұшатын бомбалаушы ұшақтарды ұрысқа қосты. Тарихи деректерге қарағанда, екі жақтан 4 миллион адам, 70 мың зеңбірек пен миномет, 13 мың танк пен өздігінен жүретін зеңбірек, 12 мың ұшақ қатыстырылған екен. Бұл Мәскеу мен Сталинград шайқастарын қоса есептегеннен де көп күш еді.
Көк түтіннен күн тұтылған, қара жердің қабырғасы сөгілген сол алапат шайқаста лейтенант Сұлтанғалиев та қарулас жолдастарымен бірге ерлік көрсетіп, «Қызыл Жұлдыз» орденін омырауына тақты.
Жау шегінгенімен, басып алған қалалар мен елді мекендерді оңайлықпен босатпай, тістесіп, ұлтарақтай жер үшін жанталасты. Фашистер тастап кеткен жерлерін ойрандап, өртеп, құртып отырды. «Артиллерия – соғыс тәңірі» дейді. Бұлар жау бекіністерін алыстан атқылап, түте-түтесін шығарады, сөйтіп жаяу әскерге жол ашады. Өстіп айқаса жүріп, артиллериялық дивизия Киевтің түбіне тақады. Енді Днепрден өтіп, қаланы алу керек. Жоғары Бас қолбасшының бұйрығы солай.
Немістер Днепрдің арғы жағалауына мықты бекініс жасап алған. Қатты қарсылық көрсетті. Днепрден өтпекші болған біздің әскерлерге оқты қарша боратып, снарядтың астынан алып, талай шығынға ұшыратты. Біздің жауынгерлер түн қараңғысын пайдаланып алға жылжумен болды. Алғашқылардың бірі болып, бұлардың бөлімдері Днепрден өтіп, бекініс жасады. Сөйтіп, жауға соққы бере отырып, қалған негізгі күштің Днепрден өтуіне жағдай жасады.
Сөйтіп, Киев қаласы алынды. Лейтенант Олжағали Сұлтанғалиевке көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін капитан шені берілді.
Батыстағы майдан жолы осылай жалғасып, Олжекең енді бір күндері Берлиннің түбінде тұрды. Қантөгіс шайқас дәл осы жерде тым қатты болды. Жау өз ұясын бермеу үшін барын салды. Бірақ кеңес әскерлері қорғаныс шептерін бұзып өтті. Артиллерия дивизиясы Шперее каналынан өтіп, Рейхстагтың маңдай алдынан шықты. Бұл қарсыласқан дұшпанның үнін өшіруге аса қолайлылық әкелді. Сөйтіп, Олжекең жеңісті Берлинде, Рейхстагтың жанында қарсы алды.
Бірақ оған елге қайту бақыты 1947 жылы ғана бұйырды. 17-ші артиллерия дивизиясы енді Праганы азат етуге жіберілді. Бұл кезде Прагада жергілікті жұрт көтеріліс жасап, қалаға ең жақын тұрған власовшылардан көмек сұраған. Немістердің қолындағы соңғы қаланы азат етуге власовшылар көмек көрсеткенімен, кейін кеңес әскерлері оларды қоршап, қолға түсіріп, қатаң жазалады. Олжекеңдер одан әрі грос-адмирал Денництің басқаруына қараған «Оңтүстік» әскер тобын өкшелей қуып, Австрияға маңдай тіреді. Сол жерден туған жерге қайтудың сәті түсті.
Өршеленген жауды ордасында талқандап, Еуропаны азат еткен майдангер бейбіт еңбекке қуана араласты. Облыстың партия ұйымдарында түрлі қызметтер атқарды. 1961 жылы Маңғыстау түбегін игеру қолға алынып, Өзен, Жетібай мұнай кеніштері ашылғанда жастармен бірге бұл да солай аттанған. Кейін еңбек ресурстарын пайдалану бөлімінде қызмет ете жүріп, зейнеткерлікке шықты.
Соғыстың өртінде, еңбек майданының алғы шебінде ерлік пен өрліктің үлгісін көрсеткен ақсақал бүгінде ұл-қыздарының ортасында, немерелерінің қызығын көріп жүріп жатыр. Кешегі өзі әперген бейбіт күн ұрпағының басынан кетпеуін тілейді. Тыныш ғұмыр, сыйластық, түсіністік, балалардың бақыты – адам үшін бұдан артық ештеңе жоқ. Тоқсандағы майдангер – Олжағали Сұлтанғалиев ақсақал соған риза, тағдырына риза.


kaharman.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста