ТОҚТАР ЖАҚАШ: РУЫҢ КІМ, БАУЫРЫМ!

ТОҚТАР ЖАҚАШ: РУЫҢ КІМ, БАУЫРЫМ!

Осы сұрақты естімеген қазақ жоқ шығар, әсте. Әрине, жеті атаға дейінгі ет жақын туыстарды білуіміз керек. Қан тазалығы деген тағы бар.
Мен Үш жүздің баласы бірдей өрген Созақ ауданында туып өстім. Бірақ ру-ру боп жікке бөлініп жатқан кезін көрген емеспін. Жақсылық пен жамандықта бір үйдің баласындай араластық. Қазір ойлап отырсам - Есенгелді тама, Сәтбек найман, Талғат жиенбет, Бүркіт тутамғалы, Пазылбек төре, Самат сүлгетай, Роман уақ, Жұлдыз қалмақ, Әбәди қырғыз, Әуезхан өзбек... боп кете береді.
Бірақ Құдайы ас бергенде, Ауызашар жасағанда, келін түскенде,өлім-жітімде осы көршінің біреуі бөтендік танытқан емес. Біреуі етті жайғап, біреуі қазанға ие боп, біреуі құдамызды шақырысып, ішек-қарындай араласып жатушы еді. Той-томалақты былай қойып, бәріміздің әжелеріміз өткен-кеткенді айта отырып, кешкі асты бір үйде ішетін. Алда-жалда тойбастарды біреу туысына айтқызса тәп-тәуір ренжіп қалатын. Бірақ ол да ұзаққа бармайды. Қайтадан шүйіркелесіп кететін. Ең қызығы - сәресі болатын. Біз де әжелерімізбен таласа тұрып, талқан мен май сөкке қарық болатынбыз. Шал-шауқандар тілімізді қызықтап, руымызды, аталарымызды сұрайтын.
Ол да жақсы өнеге екен. Шыққан тегімізді білдік. Бірақ бір партада он жыл отырған кластасымыздың қандай рудан екенін білмедік. Бір қыз ұнай қалса, үлкендер жағы "болады" немесе "ой, ол румен қыз алыспаймыз" деп жататын. Жөн сөзге құлақ астық.
Енді біраз жылдан бері көшеде бірлі-жарым көлігіне руын жазғандарды көретін болдық. Астарына үңіле қоймаппыз. "Қыз іздеп жүргендей мұнысы несі?"- деп күлдік де қойдық. Сөйтсек, бізде руға, жүзге бөлу ісі мақсатты түрде мысқалдап енгізілген сияқты.
Енді бөлек мемлекет құруды көксеушілер шығыпты. Әрине, олар бүгін-ертең бөлініп кете қоймайды. Өз алдына мемлекет те құра алмайды. Қабілетсіз емес. Оның объективті және субъективті себептері көп. Бірақ тұтас ұлттың меселін қайтаратын,сағын сындыратын, бағын байлайтын кеще, апатты идеология тудырады. Ол идеологияның апарар жері - көр ғана.
Әрине, руымызды білейік. Бөтен кісіден де сұрайық. Жезде мен балдыз болып әзілдесейік. Құда түсер кезде де сұрайық. Бөліну-бөлу үшін емес. "Руың кім, бауырым? Құда болайық!"
Мақала «Жас қазақ» газетінен алынған

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста