Тұрар туралы бір дерек

Тұрар туралы бір дерек

   Қазақ халқының аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рыс­құловтың есімін білмейтін қазақ кемде-кем. Оның өмірі мен қызметі туралы бірқатар зерттеу еңбектері жарық көргенмен, Тұрар Рысқұлұлының өмірінің беймәлім қырлары әлі де жеткілікті. Соның бірі қайраткердің Коминтерн ат­қару комитетінің Моң­ғолиядағы өкілетті өкілі болған кезі десек жа­ңы­­лыспаймыз. Моңғолия конс­титуцияның жобасын жасауға атсалысып, ел астанасына Улан-Батор (Қызыл-Батыр) деген атты ұсынған Тұрардың Моңғолияның мемлекет ретінде қалыптасуына қосқан үлесін зерттеушілер түрлі жиындарда жиі талқыға салып жүр.
    Дегенмен, оқта-текте сөз бол­ғаны­мен, әлі назардан тыс қалып келе жатқан мәселенің бірі Тұрар Рысқұловтың Моңғолияда ұрпағы қалды деген әңгіменің жай-жапсарын анықтау жайы болып отыр. Бұл туралы Моңғолия Ғылым академиясы халықаралық ғылыми-зерттеулер инс­титутының жетекші ғылыми қыз­меткері, тарих ғылымдарының док­­т­оры, профессор Құрметхан Мұ­қа­­мәдиұлы: «Тұрар Рысқұловтың Моңғолияда бір қызы бар деген сөздің бары ақиқат. Моңғолияның архивтегі азаматтарының өзі оның шет жағасын конференцияға шығарып, бірақ дәл кім екенін, қайда екенін білмейміз дегенді айтты. Одан бұрын бұл туралы естімегенмін», – дейді.
    Жалпы, ғалымдардың айтуынша, Т.Рысқұлов Моңғолияда 1924 жыл­дың жазынан бастап, небәрі 9 ай ғана болған. Сол кезде Коминтернге 1500 беттей есеп пен баяндама жазған. Ол қазір Мәскеу мен Улан-Батор архивтерінен жиналуда. Бұл архив материалдары 2015 жылы Түркі академиясы арқылы кітап болып басылып шығады деп жоспарланған.
    Тұрар Рысқұлұлы 1894 жылы бұрынғы Жетісу облысы Верный уезі Шығыс Талғар болысында өмірге келген. 1937 жылы 21 мамырда «пан­түрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынған. 1938 жылы 10 ақпанда Мәскеу түрмесінде жүрек талмасынан қайтыс болған. Репрессия құрығына әйелі Әзиза Түбекқызы да ілігіп, 18 жыл айдауда жүрген. Ұлы Ескендір түрмеде көз жұмған. Ал Тұрар Рысқұлов КСРО Әскери алқасы Жоғары сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталған.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ
egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста