Түркістан республикалары федеративтік негізде бірігуі тиіс

Түркістан республикалары федеративтік негізде бірігуі тиіс

Түркістан республикалары федеративтік негізде бірігуі тиіс. Амбицияларды қайырып қойып, ортақ саяси құрылым жасау туралы іске қазірден бастап кіріскен дұрыс. Әйтпесе, «Өзбекпен біріккенше, орыспен болғаным артық» деушілер қатары көбейген сайын, бұл мақсатқа жету мүмкіндігі алыстай береді.
Ең алдымен, бірінші қадам – мәңгілік достық шарттарына қол жеткізу керек. Қырғызбен жасалғаны сияқты бұл шарт өзбекпен де (өзбекпен кейіннен жасалды), түркіменмен де, тәжікпен де жасалуы керек. Мұстафа ылғи да тәжіктерді түркістандықтарға, тіпті түріктерге қосып отыратынын көреміз. Одан кейін федерацияға бару керек. Біз орыспен де, қытаймен де, Түркістан болып сөйлескеніміз жөн. Қазақ, өзбек, қырғыз, т.б болып жеке-жеке сөйлескеніміз тиімсіз.
Ресей де, Қытай да өз ықпалын кеңейту, өз еркін таңу үшін, ең алдымен, бөліп әкетуге ұмтылады. Түрік болып, Түркістан болып тұруымыз оларға тиімсіз.
Орыспен бірлесу керек пе, жоқ, әлде, өз қандастарымызбен (өзбек, қырғыз, түркімен т.б) бірлесуіміз керек пе?
Бұл екеуінің біреуін таңдауды бізге тағдыр өткен ғасырдың басында қалай қойған болса, мына ХХІ ғасырдың басында тағы бір рет өткір қойып отыр. Біздің бұл жолы қателесуімізге хақымыз жоқ. «Бөлінгенді бөрі жейтінін» ХХ ғасыр жетерліктей дәлелдеп берді. Қазақ есін жиып, бір жағына шығуы, өз тегін, өз ұлысын, өз үйірін табуы керек. Тілі де, діні де, ділі де жат қытай мен орыстан гөрі, бір атадан тараған, араз да болса туыс-туманың жақын екенін сезінер уақыт болды ғой, ағайындар!
Мен Еуроазия идеясын жоққа шығармаймын. Бірақ оны қазақ – қазақ күйінде, өзбек – өзбек күйінде, түркімен – түркімен күйінде, қырғыз – қырғыз күйінде жүзеге асыра алмайды. Себебі, мені орысқа жұтылып кету қаупі шошындырады. Теңдік, әділеттілік принциптері мың рет қайталанса да, тиісті механизмдері жасалып қойылған күнде де, орыс орыстығын жасамай тұра алмайды. Орыстар басқа шағын халықтармен тең болуға дағдыланбаған, ол – теңдікті қорлық деп ұғуға үйренген халық.
(Мақала марқұм Айтан Нүсіпқанның жазбаларынан қысқартылып алынды)
qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста