Жалаңаш қоғам һәм қазақ әйелінің қадірі

Жалаңаш қоғам һәм қазақ әйелінің қадірі

Бауыржан Момышұлы қоғам ішінде орын алып жатқан оқиғаларды көріп отырып: “Ерте заманда қазақ ішінде қылмыс жасаған әйел заты үшін жазаның ең үлкені – оның бұрымын кесу болған екен. Совет өкіметі орнағалы бері әйелдер өзін-өзі жазалап келе жатыр” деген екен. Ал қазір не болды? Кім қай жерін көрсетемін десе де өзі біледі. Оларға қарап сөйлесің “менің еркім өзімде” деп ұрсып береді. Кесетін бұрым қалмады. Шешетін киім қалмады. Қайда қарасаң да өз әуретін сәнге айырбастаған қыздар.
Бала-шағаны алып сыртқа серуендеуге шыға алмайтын болдық. Кірерге тесік таппай қаласың. Ауылдарға да осы жалаңаштық дерті жетті. Шет елдің фильмдерін сатып алудың қажеті жоқ, интернет сайрап тұр. Бәленің бәрі сонда. Біреудің қаңсығы мәдениет болып қалыптасып жатыр. Тастарға табынған үндістердің әуені мен дәстүріне әбден қанығып алдық. Одан сайын көре бергеміз келеді. Орыстардың сериалдары тіптен сорақы. Голливуд өнімдеріндегі көріністер шекарадан шығып кетті. Жан-жақтан келіп құйылып жатыр, құйылып жатыр. Тоқтайтын түрі жоқ. Ішкен сайын шөлдейміз. Тағы сұраймыз.
Қазақ отбасыларындағы әйелдің қадірі түсті. Қазір жанжал көп. Ажырасу көп. Ұят азайған жерде ұятсыз тірліктер көбейді. Сән қуған қатындар әбден құтырды. Ішіп, мас болғаны былай тұрсын, көшеде құлап, есінен айырылып жатқандары қаншама. Олардың қыздары қыдырып келемін деп жүріп абыройынан айырылып қалуда. Әкелер ұсақталды. Ақыр соңында ақ некенің қадірі қашып, берекесі кетті.
Тал түсте, темір жол вокзалының алдында жыныстық қатынас жасап жатқан жабайыларды да көрдік. Бұл Астанада болған оқиға. Дәл осындай тағы 4 оқиға Ақтау қаласында да тіркелді. Бұлай құтырып жүргендер 18-25 жас аралығындағы жастар. Бұлар ары кетсе 15 күнге қамауға алынады. Сосын әдепкі істеріне қайта оралмай ма?!
Жалаңаш қоғамның арасында жүріп адамның бүлінбей жүруі қиын. Құдайдан қорыққан пенде ғана осы қоғамның түсінігіне қарсы жүзеді. Кімде-кім ар-намысын қорғаштап, өз отбасын, әулетін түрлі бәлелерден аман алып қаламын десе қатты тырысу керек болып тұр.
Сержан АМАНДЫҚ,
Жаңаөзен қаласы.

namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста