Алматтың әзілдері
Бойжеткен қыз сүйікті жігітіне:
– Өткенде сен біздің үйде қонақта болып едің ғой, әпкем сені ұнатып қалыпты, жақсы жігіт екен дейді.
– Әпкеңнің маған көңілі кетіп жүр ме, сонда?
***
Әкесі баласына:
– Сен неге сабағыңды дұрыс оқымайсың, күнделігің екілік пен үштік бағаға толып кетіпті.
Осы кезде әңгімеге баланың анасы араласып:
– Әкесі-ау, тура өзіңе тартқан ғой балаң...
***
Екі кішкентай бала әңгімелесіп отыр:
– Сенің атаңның шашы неге аппақ?
– Білмеймін, кішкентай кезінде борды көп жеген шығар...
***
Емханада. Науқас дәрігерге:
– Мына құрғыр дәрілерді қашанғы іше беремін?
– Сәл шыдаңыз, аз күнде сізге дәрі мүлде қажет болмай қалады...
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу