Алматтың әзілдері
– Алло, 222 22 22 ме?
– Иә...
– Кешіріңіз, сіз құтқару қызметіне телефон шалып беріңізші. Сұқ саусағым мына бір ескі телефонның екі санында қысылып қалып еді...
***
Жарнама:
«Сіздерге су жаңа шырын сыққыш құралын ұсынамыз. Бізде күзгі акция! Бағасы бар-жоғы 7000 теңге. Егер сіз сол 7000 теңгенің орнына 14 000 теңге берсеңіз, екіншісін тіпті тегін аласыз!»
***
Түскі ас ішіп отырған немересіне апасы:
– Балам-ау, сүйекті сонша кеміріп не болды? Сен ит емессің ғой, одан да әкеңе берсеңші...
***
Бір жігіт көңілі бар қыздың қолына хат ұстатып жібереді де, есігінің алдында күтіп тұрады. Хатта «Егер мені сүйсең – есігіңнен шық, сүймесең хатты терезеден лақтырып жібер» делінген екен. Бір кезде қыз хатты өзі алып шығады. Жігіт қуанып кетеді. Қыз:
– Хатыңды қайтып ал, ренжіме, терезе ашылмай қалды....