Алматтың әзілдері
Үш кәсіпкер жігіт бәстесіп тұр:
– Сен «Тойотаны» неше айда сатып ала аласың?
– Бір айда!
– Ал сен ше?
– Үш айда…
– Ал сен?
– Екі-үш жыл қор жинап, біраз несие алған соң...
– Неге сонша ұзақ мерзім.
– Енді, «Тойота» дегенің үлкен фирма ғой!
***
Әйелі күйеуіне:
– Жаңадан көшіп келген көрші келіншекке қарашы. Күйеуі жұмысқа кетерде де, келгенде де құшақтап сүйіп жатады. Ал сен болсаң...
– Біреудің әйелін сүйіп, өле алмай жүр дейсің бе?..
***
Сот отырысында:
– Айыпталушы, сіз қойманың кілтін қайдан алдыңыз?
– Күзетші отыратын орыннан.
– Ол қайда еді?
– Ол күні күзетте өзім болатынмын.
***
Құрбы келіншектер әңгімелесіп отыр:
– «Келін» сериалы қашан және немен аяқталады?
– Оқиға әуелі неден басталып еді?..
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу