Аналар кеңесі – қайталанбас жоба

Аналар кеңесі – қайталанбас жоба
Ассамблеяға қарасты Аналар кеңесінің бүгінгі күні маңызы зор болып отыр. Олар түрлі шараларды ұйымдастырып қана қоймай, қоғамымызда береке мен бірліктің сақталуына өз үлестерін қосуда. Осы орайда жақында Алматы облысы Талғар қаласында ақ жаулықты аналардың басқосуы өтті. Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайната, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі. Осы орайда бұл басқосуды ұйымдастыруға Қазақстан халқы ­Ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесі мұрындық болды. Форумға барлық аудандардың аналар кеңесі мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері,«Жас Отан» жастар қанатының қызметкерлері қатысып, мазмұны терең әңгіме өрбітті.

Форум басында аудан әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы Аналар кеңесі форумының салтанатты ашылуымен жиылған көпшілікті құттықтады. Форум жұмысының модераторы облыс­тық аналар кеңесінің төрайымы Жамал ­Бай­мәдиева күн тәртібінде қаралатын негізгі тақырыптарды тарқата келіп, әйелдердің еңбекқорлығы, ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны жайлы пікір алмасуға шақырды. Түгін тартса майы шығатын Талғар ауданында тіршілік жасап отырған аналардың істері ілгері басып, ел экономикасының өрлеуіне өзіндік үлестерін қосып отырғандығын айрықша атап өтті.
Жиында аудандық әйелдер көшбас­шысы мектебінің жетекшісі Нәйля Үмбетованың «Гендерлік саясатты іске асыру бағытындағы әйелдердің бизнесте алар орны» тақыры­бында жасаған баяндамасы көптің қызығу­шы­лығын тудырды. Бұдан кейін аудандық аналар кеңесінің төрайымы Мәрия Сихымбаева «Достықтың алтын тамыры – халықтар бірлігінде» атты баяндамасын оқыды.
Аналар кеңесі қазақстандық патрио­тизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтау міндетін мақсат тұтты. Бұл күнде аудан халқының 51 пайызын әйелдер құрайды. Талғар қаласы мен 10 ауылдық округте аналар кеңесі құрылып, 50-ге тарта мүшесі айтылған мәселелер төңірегінде жұмыс жүргізіп келеді.
Аудандарда демографиялық өсімге атсалысып отырған алтын құрсақты аналар аз емес. Оған аудан бойынша 66 «Алтын алқа», 225 «Күміс алқа» иегерлерінің бары дәлел.
Форум жұмысын қорытындылаған ­Жамал Қасымбекқызы Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті бір Жолдауында: «Қоғамның өркениетті деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді» деп тұжырымдауында үлкен мән жатқандығын жеткізді. Ақ жаулықты аналар басқосуында Талғар аудандық этномәдени бірлестіктерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Достық блогы» атты театрландырылыған көрініс те форумға қатысушы аналардың көңілін серпілтті. Жиын соңы концерттік іс-шараға жалғасты.

 Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста