Ассамблея медиацияның дамуына ықпал етті

Ассамблея медиацияның дамуына ықпал етті

Бүгінде еліміздегі ассамблея институты көп елдерге үлгі болатын, теңдесі жоқ керемет жүйеге айналғанын дәлелдеп отыр. Сондай-ақ ҚХА бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін, бейбіт өмір сүріп қана қоймай, әр салада жемісті еңбек етіп жатқанын көрсетуде тиімді құрал болып отыр. Бұл еліміз үшін зор жетістік. Осы уақыт ішінде ассамблеяның медиация, қайырымдылық шараларымен айналысу секілді жұмыстарға жұмылдыру, олардың қоғамымызда сіңісіп қана қоймай, тиімді нәтиже беретінін дәлелдеді.
Қазіргі таңда Ассамблея елімізде қыруар тірлікке мұрындық болып отыр. Мәселен Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, қоғамда дұрыс көзқарас қалыптастыруға, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Шын мәнінде бұл функцияның да маңызы зор!
Сондай-ақ Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде бұл олардың мәдениеттерінің араласына тиімді жол! Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұдайы өркендеп, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, береке мен бірлікте мемлекетіміздің ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды.
Атап айта кетер жайт, бүгінде медиацияны елімізде енгізу үшін де, ассамблеялықтарды жұмылдырдық. Медиаторлық қызметтің кәсіби және кәсіби емес түрлері бар. Бұл жерде кәсіби санатына мемлекет атынан әрекет ететін құқыққорғау саласының қызметкерлері болса, кәсіби еместер санатына сертификатсыз медиатор мамандары жатқызылады. Екеуінің де әрине, мақсаты бір, тұрмыстық жанжал мен шұғыл шешімді қажет ететін әлеуметтік түйіндерді тарқатуда белсенді іс-қимыл жасаған абзал. Қоғамымызда медиацияны енгізу, түсіндіру жұмыстарында ассамблеялықтардың белсенділігі жоғары болып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасына сәйкес, осы ассамблея қызметінің жаңа бағыттарының бірі елдегі медиация институттарын дамыту болып табылатыны да көңілге қуаныш ұялатады. Осындай жұмылдыру нәтижесінде медиация елімізде жатырқамай еніп келеді. Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты. Оның ішінде қайырымдылық, медиация секілді жұмыстарды атқарудағы Ассамблеяның қызметі оның өзіндік орнының да қалыптасуына ықпал етті деуге болады.

Сондай-ақ Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
Осы орайда айта кетер жайт, бірнеше жыл бұрын ҚХА мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты елімізде медиация институтын дамыту жайлы меморандумға, сонымен қатар меморандумды жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспарына қол қойды. Мұндағы мақсат – медиация институттарын ҚХА жұмысының негізгі бағыттарының бірі ретінде қарастыра отырып, оны шиеленістер мен дауларды шешудің әдісі ретінде насихаттау, келіспеушілік пен дауларды шешудегі табыстыру процедураларының тиімділігін түсіндіру болып табылады. Дүрдараздыққа ұшырап, талас-тартысты мәселеде тараптарды сотқа жеткізбей ымыраға шақыруда тиісті меморандумдардың да мүмкіндігін кеңейту елімізде басты назарда ұсталуда. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізіп, мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Сондай-ақ Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді. Ассамблея – этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту бойынша маңызды рөл атқарады. Ассамблеяның осынау көптеген қызметі біздің қоғамымыздағы рөлін арттырып тұр.
Еркенұр Ерзия  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста