Елтаңбам - елдігім, әнұраным - бірлігім

Елтаңбам - елдігім, әнұраным - бірлігім

Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы мен әнұраны - күллі қазақтың баға жетпес құндылығы. 

Түсіндірме сөздікте «Герб – мемлекеттің, қаланың, рудың, туларында, монеталарында, мөрлерінде, мемлекеттік және басқа ресми құжаттарда беййнеленетін эмблемасы» делінген. Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы отандық танымал суретші-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың шығармашылық ынтымақтастығының нәтижесі.

Елтаңбаны ойлап табуға қатысты жарыста жеңіп шығу оңай болған жоқ. Өйткені соңғы конкурстың өзіне болашақ елтаңбаның 245 жобасы мен 67 сипаттамасы қатысты. Мемлекеттік елтаңбаның авторларының бірі  Шота Уәлиханов шаңырақты түсінде көріпті. Ал екінші автор Жандарбек Мәлібеков елтаңбаны жасау барысында Кемал Ақышевтың «Алтын адам» кітабына жүгіне отырып, қанатты пырақтың аңыз бейнесін көшпенді адам нышаны ретінде алады.

Мемелкеттік елтаңбаның басты нышандық белгісі - уықтар көтерген шаңырақ. Уықтар ол Қазақстан территориясында өмір сүретін барлық ұлт өкілдерін көрсетеді. Қазақ жерінде тұрып жатқан жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр деген мағынада. Компазицияның келесі бір басты көрінісі -  ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ. Жалпы жылқы образы ежелден қазақ халқының батырлығын, ержүректігін бейнелейді. Олай болса, қос бірдей пырақ киелі шаңырағымызды бәле жаладан қорғап тұр деген мағына береді. Мемелкеттік елтаңбаның жоғары бөлігінде бес бұрышты жұлдыз бар. Ол тәуелсіз еліміздің құшағы бес құрлықтың өкілдеріне де айқара ашық деген мағынада. Елтаңбаның төменгі бөлігінде еліміздің атауы Қазақстан алтын әріптермен жазылған.

Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек формасында жасалған. Шар формасы әлемдегі ең айшықты форма боп есептеледі. Ал көшпенділер шеңберді осы мінсіздікке ең жақын элемент ретінде ерекше бағалайды. Бұл - өмір мен мәңгілік нышаны. Елтаңбаның авторлары оның өн бойына қазақстандықтардың бейбітшіліксүйгіштік болмысын бере білген. Сөйтіп елдің көпұлтты халқын бір шаңырақтың біздің ортақ үйіміз Қазақстанның мықты да берік құрылымының астына жиналуға шақырады.

«Гимн – сөзден тоқылған мемлекет туы».

Еліміздің және де бір рәмізі – мемлекеттік әнұран. Грек тілінен аударғанда гимн ерекше, барынша маңызды жағдайларда орындалатын салтанатты ән дегенді білдіреді. Танымал қазақ ақыны Әбділда Тәжібаев айтқандай «Гимн – сөзден тоқылған мемлекет туы».

Тәуелсіздіктің басында 1992 жылы республика әнұранының музыкасы мен мәтініне конкурс жарияланды. Іріктеу комиссиясы барлығы 750-ден астам жоба қабылдады. Мәтіндік конкурста төрт белгілі қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіске жетті. Ал оның музыкасы ретінде бұрынғы Қазақ КСРО әнұранының музыкасын қалдыру турады шешім қабылданды. Осылайша 1992 жылы көрнекті қазақ компазиторлары Латиф Хамиди, Мұқан Төленбаев, Евгений Брусиловскийдің музыкасынаи жазылған жаңа әнұран жасалды.

2001 жылдың көктемінде  Парламентте ескі әнұранды ауыстыру туралы қызу пікірталас туындады. Біреулер мемлекеттік рәміз өткеннің жүгін арқаламайды, жаңа болуы тиіс десе, екіншілері таныс, оның үстіне дарынды қазақ компазиторларының музыкасын қалдырған орынды десті. Алайда көп айға созылған пікірталастар ешқандай өзгеріс әкелмеді. Депутаттар Қазақ КСРО-ның бұрынғы әнұранының жаңарған мәтінін сақтау туралы шешім қабылдады. Бес жыл өткеннен соң ғана егемен елдің шын  мәнінде бүкілхалықтық әнұраны пайда болды. Елдің жаңа әнұраны туралы мәселе сол тұстағы президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы 6 қаңтарда ел Парламентінің Мәжілісі мен Сенаттың біріккен отырысында қаралды.

«Менің Қазақстаным» әнінің мәтініне президент біраз өзгерістер енгізуді ұсынды. Елбасының өзі ән мәтініне қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресін мадақтайтын өзгерістер енгізді. Мәжіліс және сенат депутаттары бір ауыздан әнұран мәтінінің авторлары ретінде Жұмекен Нәжімеденовты белгіледі. Осылайша «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.

1956 жылы көректі қазақ компазиторы Шәмші Қалдаяқовтың сыршыл ақын Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазған "Менің Қазақстаным" әні 2006 жылғы 11 қарашада тұңғыш рет гимн ретіне Президенттің ұлықтау рәсімінде орындалды. Осылайша халықтың сүйікті әні жаңа саяси бағытқа ие болды. Еліміздің әнұранын еліміздің барлық мектептерінде күнде таңертең оқушылар ерекше ықыласпен айтады. Біздің әнұранымыз әлемнің түкпір-түкпірінде орындалуда. Өз еліңнің әнұранын өз жеңісіңнің құрметіне тыңдап, спорттың құрмет тұғырынан асқақтай көтерілген отан туын көргенде ерекше рухтанып, туған жердің рәмізінен айналасың.   

А. Нұрсабет 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста