Медиация Ақмола облысында да кеңінен қолданылуда

Медиация Ақмола облысында да кеңінен қолданылуда

 Биыл «Медиация туралы» ҚР Заңының қолданысқа енгеніне 7 жыл толуына байланысты еліміздің әр облысында медиация ортлықтары мен қоғамдық бірлестіктер Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесіп, медиация саласы бойынша кеңес беру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді. Мұндай шара таяуда Көкшетауда да өткен еді.
«Елімізде медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастар 2011 жылғы 5 тамызда күшіне енген «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Өткен жылдардың іс-тәжірибесі негізінде осы күн «Медиация күні» мәртебесін иеленді».

2018 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізді, соның нәтижесінде Ассамблея қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуші медиацияны дамытуға ықпал етудің тетігіне айналды.
Медиация азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастарға байланысты, ауырлығы шағын және орта қылмыстық істер жөнінде туындаған даулы оқиғаларға қолданылады. Азаматтар және заңды тұлғалар медиацияға жүгінген жағдайда сот жүйесіне түсетін ауыртпалықты айтарлықтай жеңілдетеді. Соның арқасында анағұрлым күрделі істердіжүргізудің сапасын арттыруға болады. Халықаралық статистикаға сәйкес, барлық даулардың 30-40 пайызы медиация рәсімінен өтеді екен. Олпрдың 85 пайызында оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Марат Қуандықов, Көкшетау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы: – Қазіргі таңда дауды шешуге медиаторлар араласады. Медиатор – тараптардың ешқайсысына, дауға да қатысы жоқ бейтарап адам. Медиатор – дауды шешештін судья емес, дауларды баламалы түрде шешу құқығын заңды түрде бекіту процессін жүргізеді. Ол дауласқандарды ымыраластырып, келістіру үшін жұмыс істейді. Медиаторлардың мақсаты екі жаққа да тиімді және оңтайлы шешім қабылдау, екі жақты қарсыластың ұстанымы мен мүдделерін түсінуге, құлақ қоюға иіп, басқа ниеттерден арылуға, тек соларды қорғауға назар шоғырландыра келе, күрмеулі мәселенің түйінін тарқатар тиімді шешім іздеп табады. Осылайша, тараптарға ортақ шешімге келуге жол ашады. Сотта істі қарау барысында медиация кез келген кезеңде жүргізіле береді. Дауласушылар бітімгершілік келісімге келуді қаласа, медиатордың куәілігімен әркім өзінің талабын айтып, келісімге келеді. Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істерге медиация қолданылады. Қылмыстық іс кодексінің 67-бабында көзделген аса ауыр емес, кісі өлімі болмаған, денсаулыққа ауыр зиян келтірілмеген істерге қатысты да медиация жүргізуге болады. Егер қылмыскер бұрын істі боолмаған болса, медиация тәртібімен келтірілген шығын төленсе, іс қысқартылуға жатады. Ал әкімшілік істер Әкімшілік кодекстің 64-бабында көрсетілген 9 бап бойынша медиация қолданылады. Айталық, жыл басынан бері Ақмола облысы бойынша 9114 әкімшілік іс қаралған. Екі жақтың татуласуы бойынша сол істің 914-і медиация келісімімен қырқартылды. Яғни, әкімшілік істерде медиация 10 пайызды құрайды.

Медиацияны жүргізу кезінде еріктілік, құпиялық, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптығы және медиация тараптарының тең құқылығы мен оның рәсіміне араласуға жол бермеушілік қағидаттары сақталуы тиіс. Медиация тәсілі сот ісіндегі тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз етудің негізгі тәсілдерінің бірі. Біздің ата-бабаларымыз бұрын бұл тәсілді тиімді қолданып, түрлі дауды билер соты арқылы бітімгершілікпен шешіп келгендіктен, бұл Заң қазаққа жат емес. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларды реттеу кезіндегі медиация сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқылауы басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысындағы медиация қылмыстық процессуалдық заңында белгіленген сотқа дейінгі және сотта іс жүргізу мерзімдерінде жүзеге асырылуға тиіс. Медиация - дауларды шешудің балама жолы. Бұл тәсіл алпауыт елдерде ертеректе қалыптасқан және заңдастырылған. Медиация тәсілін АҚШ, Аргентина, Ұлыбритания, Германия, Аустрия сынды әлемнің алпауыт елдері ертеден бері қолданып келеді. Жалпы, медиация әдісі дүниежүзінде 20 ғасырдың екінші жартысында дами бастады. Ең алдымен АҚШ-та, Аустралияда, Ұлыбританияда, ал кейін ол бірте-бірте Еуропада таралды. Медиацияны қолданудың алғашқы әрекеттері отбасы қатынастары саласындағы дауларды шешу кезінде тәжірибеге енгізілді. Кейін медиация отбасы жанжалдарынан бастап коммерциялық көп жақты жанжалдарға дейінгі даулардың кең шеңберін шешу кезінде қолданылатын болды. Әлемдік тәжірибеде медиацияны заңнамалық бекітудің мысалдары көп. Тиісті актілер АҚШ-та, Аустрия¬да, Германияда қабылданған. Еуропа комиссиясы Медиатордың кодексін бекітті, ал Еуропалық Одақ медиаторлардың қызметін реттейтін бірқатар директивалар шығарды. БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (ІІМСІТРАІ) медиация туралы заңның үлгісін әзірледі. Мәселен, АҚШ-та экономика, саясат, бизнес саласында медиаторсыз бірде-бір маңызды келіссөз жүргізілмейді. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, Ұлыбританияда медиация әдісі өте кең тараған. Тіпті, медиаторға байланыс желісі арқылы кез келген жерден қоңырау соғып, жанжалды сипаттап, өздерінің талаптарын білдіре алады. Германияда бітімгерлер тікелей соттардың жанында жұмыс істейді. Бүгінде бұл мемлекетте медиация азаматтық істерді ғана емес, әкімшілік істер бойынша да қолданылады. Неміс мектептерінің көпшілігінде тұрақты медиация курстары оқытылады. Аустрия - медиаторларды дайындауды және дайындықтың белгіленген нормативтерін реттейтін медиация туралы федералдық заң қабылдаған жалғыз мемлекет. Қытайда даулардың шамамен 30 пайызы соттан тыс тәртіппен шешіледі. Венгрия мен Кореяда тараптар медиация шеңберінде келісімге келіп, оны аралық соттардың (төрешіліктің) қарауы үшін заңда қарастырылған тәртіпте бекітуге құқылы. Мұндай шешім (төрешілік) күшіне ие болса, тиісті тәртіппен орындауға жатады. ТМД елдерінің ішінде медиация туралы заң Молдовада қабылданды. Көбіне сот шешіміне бір ғана тарап қанағаттанады, екінші тарап сот шешіміне риза болмағандықтан, істі апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қайта қарауға өтініш береді. Атал¬ған сатылардың әрқайсының өзінің уақыт мерзіміне байланысты істерді қарау бірнеше айға, ал, кейбір жағдайларда жылға созылып кетеді. Медиация әдісі арқылы азаматтар уақыт пен қаржы шығындарын үнемдейді. Үлкен өмірлік тәжірибесі, жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан азаматтар, отставкадағы судьялар, прокурорлар медиатор бола алады.
«Медиация туралы» заң бітімгерлік рәсімдер (медиация) институтын ұйымдастыру және оның қызметінің тәртібін белгілейтін бірқатар баптардан тұрады. Заң Қазақстан Республикасының аумағында бітімгерлік рәсімдер институты қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді және медиатордың (бітімгердің) қатысуымен дауларды шешу жөніндегі қатынастарды реттейді.

Айым Нұр 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста