Қоғамдық келісім кеңестерінің маңызы артып келеді

Қоғамдық келісім кеңестерінің маңызы артып келеді

Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында берген тапсырмасына сәйкес 2013 жылы қоғамдық келісім кеңестері жаппай жер-жерлерде құрыла бастады. Содан бергі уақытта еліміздің әр өңірінде Ассамблеяның барлық жұмыстарының үйлестірушісіне айналып отыр.

Қоғамдық келісім кеңестері консультативтік-кеңестік орган болып саналады және тұрақтылықтың, азаматтық бейбітшіліктің, қоғамдық келісімнің және жалпыұлттық бірліктің нығаюына жәрдемдеседі.

Олардың заңдық тұлға мәртебесі жоқ, аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық құрылымына жатады.

Қоғамдық келісім кеңестері қоғамдық бастамалардың ұйытқысы. Қоғамдық келісім кеңестері міндетіне аймақтарды әлеуметтік және басқа да дау-жанжалдардың алдын алу мен шешуге қатысты ұсынымдарды жасау; Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған азаматтық қатысуларды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламалар қолдау мен дамыту; қайырымдылықты, медиация мен жергілікті жерлердегі қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға жәрдемдесу секілді қызметтер жатады. Қазақстанда 5 жыл ішінде қоғамдық келісім кеңесінің жүйесі қалыптасты, бірыңғай методологиялық базасы жасалды, белгілі жұмыс тәжірибесі жинақталды.

2016 жылы ең үздік тәжірибелер негізінде құрастырылған ҚКК жұмысының типтік моделіне сәйкес олардың қызметі деңгейлер бойынша бірыңғайландырылған жұмыстың біртұтас регламенттері енгізілді, методологиялық базасы қалыптастырылды.

Азаматтық бастамаларды қолдау мен ынталандыру, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы, қоғамдық бақылау механизмдерін күшейтуге байланысты бүгінгі таңда ҚКК қоғамдық келісімді нығайтуға жаңа тылсым беріп, Ассамблея қызметінің жаңа бағытын айқындап берді деуге толық негіз бар.

ҚКК дамыту мен қолдау көрсету шаралары 2025 жылға дейінгі Ассамблеяны дамыту және нығайту Концепциясымен, Концепцияны орындаудың шаралар жоспарымен, Ассамблеяның сессиялары мен Кеңестерінің хаттамалық шешеімдерімен қарастырылған.

Әрине, дәл қазір құрылған Кеңестер қойылып отырған барлық талаптарға сәйкес келеді деу ерте. Алайда, аз ғана уақыт аралығында облыс, қала, аудан, селолық округтар, кәсіпорындар мен шағын аудандарды қамтитын ҚКК жүйесі қалыптасты.

Бүгінгі таңда республика бойынша 2991 кеңес құрылды, олардың көбісі Алматы облысында (628), басым көпшілігі - ауылдық кеңестер - 2 594, соңынан кәсіпорындарда кеңестер жүргізілуде —166.

Олардың алдына қоғамдық диалогты ұйымдастыруда және халықты толғандыратын мәселелерді шешуде ҚКК ресурстары мен әлеуетін тиімді пайдалану мақсаты қойылды.

2017 жылы бірқатар облыстық құрылымдарда ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылды. Мысалы, оңтүстік-Қазақстан облысында селолық окріг әкімдерінің ҚКК алдында есеп беру тәжірибесі енгізілді. Қостанай облысында ҚКК көшпелі қоғамдық қабылдаулары ұйымдастырылды.

Шығыс-Қазақстан облысында «Шығыс Қазақстан – жанжалсыз аймақ» жобасының орындалуы басталды. Батыс Қазақстан облысында ҚКК Орал қаласының жекелеген мөлтек аудандары деңгейінде құрыла бастады.

ҚКК тәжірибе жүзінде қоғамдық бастамалардың ұйытқысы болып, азаматтық белсенділікті ынталандырып отыруы қажет.

Облыстық ҚКК мүшелері қала, аудан, селолық округтер деңгейінде жұмыстарды жоспарлау мен орындалуын қадағалау жөніндегі комиссия құрамына енді; әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жергілікті бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеттің орындалуы бойынша жергілікті әкімдердің есептерін тыңдауға қатысады.

ҚКК алдағы жұмысы қалай болмақ?

Бүгінгі таңда аймақтық ҚКК алдында жергілікті бюджеттердің нәтижелі орындалуын қадағалау мен агроөнеркәсіп секторында озық технологиялырды жылжыту жұмыстарын жандандыру мақсаттары тұр.

Біріншіден, ҚКК мемлекеттік органдар басшыларын таңдау, жергілікті қауымдастықтың өзекті мәселелерін талқылау мен өкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсыныстар енгізу тәжірибесін кеңейту қажет.

Бұл ретте олар жергілікті жерлерде (аудандар мен селолық округтерде) өткір әлеуметтік мәселелерді талқылау мен жедел қарастыруды қамтамасыз етуге міндетті. Қажет болған жағдайда ұсыныстар Ассамблеяның сессиясы немесе Кеңесі арқылы қарауға енгізілуі немесе ассамблеяның төрағасы ретінде әкімнің тапсырмасы ретінде бекітілуі мүмкін.

Екіншіден, билік вертикалін қалыптастыру туралы міндетің қойылуы жайдан-жай емес. Алдымен бұл төменгі ҚКК қолдау көрсету, олардың жұмыс тәжірибесін жалпылау және тәжірибемен алмасу үшін маңызды.

Қажет болған жағдайда, қалалық, аудандық, селолық деңгейдегі ҚКК көтеріп отырған мәселелер мен сұрақтарды облыстық ҚКК отырыстарына шығару қажет, оларды аймақтық ассамблеяның Кеңесі мен сесиясына, облыс әкіміне қою қажет. Бұл тұрғындардың мәс елелерінің шешеілуіне ықпал етіп, әлеумет алдында ҚКК беделін арттырады.

Үшіншіден, ҚКК қатысумыен келіп және шешімін тауып жатқан өтініштердің стаитистикасы атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесінің маңызды көрсеткіші болып саналады. Алайда, есептердің мәліметіне жүгінсек, екінші кварталда ең көп өтініш саны ШҚО (281), Қарағанды (208), Актөбе (177) облыстарында тіркелген. Астана (4) мен Алматы (7) қалалары және Маңғыстау облысы бойынша (9) ең аз өтініш тіркелген.

2018 жылдың I және II тоқсаны бойынша ұсынылған ақпараттарын талдау нәтижесі көрсеткендей, ҚКК есептерінде көп жағдайда өздерінің тікелей қатысуы жоқ уәкілетті органдар мен Ассамблеяның басқа құрылымдарының (аналар кеңесі, медиация кабинеттері) жұмыстарының қорытындылары келтіріліп жатады.

Қойылған міндеттер мен тапсырмаларды ойдағыдай орындау үшін ҚКК активінің білімі мен шеберлігін арттыру, жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тарту, жастар резервін дайындау қажет. Кадрлардың білімін жетілдіру маңызды,

РГУ «Қоғамдық келісім» РММ, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы, аймақтық оқу орталықтарының алаңдарын пайдалана отырып кадроларды дайындау өте маңызды.

Бұдан басқа Ассамблеяның мүмкіндіктерін пайдалану қажет, медиация кабинеттері мен қоғамдық медиаторлардың, ғылыми-сараптамалық топтардың, Ассамблея кафедраларының, журналистер клубының, достық үйлерінің инфрастуруктурасын пайдалана отырып, олардың негізінде қоғамдық қабылдаудың жұмыстарын ұйымдастыруға болады.

БАҚ-пен де жұмысты да естен шығармау қажет. 2018 жылдың бірінші тоқсанында БАҚ пен әлеуметтік желілерде ҚКК қызметіне арналған жалпы саны 234 матераил орнал

астырылған. Республика деңгейінде бұл өте төмен көрсеткіш.

ҚКК жұмысының басты мағынасы мен мазмұны атқарылып отырған жұмыстарына сапалық пен нәтижелікті күшейті керек. 

Еркенұр Ерзия

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста